Accessibility links

Президенттікке кандидат Мэлс Елеусізовпен онлайн-конференция өтті


Мэлс Елеусізов, "Табиғат" экологиялық одағының басшысы. Алматы, 19 қаңтар 2009 жыл
Мэлс Елеусізов, "Табиғат" экологиялық одағының басшысы. Алматы, 19 қаңтар 2009 жыл

Азаттық радиосының сайтында президенттіктен үміткер "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовпен онлайн-конференция өтті.Радионың Алматыдағы бюросында өткен онлайн-конференцияда ол аты-жөні анық жазылған оқырмандардың сұрақтарына жауап беруге тырысты.

61 жастағы Мэлс Елеусізов 1981 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Өз блогында қоғамдық жұмыстарға 1973 жылдан бастап араласқанын жазады.

Елеусізов мырза басқаратын "Табиғат" экологиялық одағының вебсайтындағы мәлімет бойынша ол экологиялық кодексті дайындау барысында парламенттің жұмысшы тобының мүшесі болған. Ал экологиялық саладағы қызметі үшін 2002 жылы ЮНЕП-тің қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша сыйлығына ие болған.

Саясаткер осыған дейін азат Қазақстан тарихында болған барлық парламент сайлауларына депутаттыққа кандидат ретінде қатысып, бір де бір мәрте өте алмаған. Ол 2005 жылы өткен президент сайлауына да кандидат ретінде тіркеліп, орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша сайлаушылардың 0.26 % ғана дауысын жинай алған еді.

Ол онлайн-конференцияға келіп түскен сауалдарға егер сұрақ қойған адамның аты анық жазылса ғана жауап беремін деп шарт қойған еді.
XS
SM
MD
LG