Қазақстаннан сыртқа кеткен журналист, "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявский 30 қараша күні Азаттық оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.
Оппозициялық газеттерге қатысты прокуратураның талап-арызын сот енді қарауға кіріскенімен басылымдар күшпен жабыла бастады. «Взгляд» газетінің "Не Взлгяд" деген атпен шығарылған бейресми тиражының 99 данасы тәркіленді.
Прокуратура сегіз газет пен 23 интернет-ресурстың, оның ішінде «Взгляд» пен «Голос республики» газеттерінің және «К-плюс» телеарнасының қызметін тоқтатуды талап етті. Жабылып жатқан БАҚ бұл әрекетті саяси эммигрант Мұхтар Әблязовқа қарсы әрекет деп түсінеді.
"Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявский осы жағдайға байланысты оқырмандарымыздың сұрақтарына жауап берді.
Игорь Винявский 1998 жылдан бері журналистика саласында қызмет етіп келеді. Ол қазақстандық бірнеше телеарна мен газеттерде жұмыс істеген. 2007 жылдан бері «Взгляд» газетінің бас редакторы.
Google Hangout түрінде өткен онлайн-конференцияның ықшамдалған нұсқасын мына сілтеме бойынша оқи аласыздар.