Accessibility links

Қазақстанда жаңа партия құрыла ма?


Белсенді Олеся Халабузарь Азаттықтың онлайн-конференциясына қатысып отыр. Алматы, 10 шілде 2015 жыл.
Белсенді Олеся Халабузарь Азаттықтың онлайн-конференциясына қатысып отыр. Алматы, 10 шілде 2015 жыл.

Азаттық «Әділдік» («Справедливость») атты партия құру туралы бастамашылардың бірі белсенді Олеся Халабузарьмен онлайн-конференция өткізді.

«Қазақстанның «Әділдік» («Справедливость») біріккен көпұлтты партиясын» құратындарын жариялаған азаматтар қазір жақтастарын жинап жатқанын айтады.

Әлі құрылмаған партияның сайтында жарғысы мен бағдарламасының жобасы да жарияланған. Онда ұйымның "қазақстандықты, оның әл-ауқатын, табиғи байлық пен жерді қайта бөлуді" мақсат ететіні жазылған. Бағдарлама жобасында саяси өзгеріс туралы талап жоқ, бірақ жоспарлы экономикаға оралу жайлы, зейнетақы жүйесі туралы, ұлттық бірыңғай тестілеуден бас тарту жөнінде ұсыныстар бар.

Қазақстан заңы бойынша, саяси партияны тіркету үшін оның қатарында кемінде 40 мың адам болуы керек. Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, елде ресми тіркелген 9 партия бар. Қазақстанда 2012 жылы өткен сайлауда парламентке үш партияның өкілдері ғана іліккен.

ВИДЕО: Олеся Халабузарьмен онлайн-конференция

XS
SM
MD
LG