Сәуірдің 9-ы күні ұйымдастырлыған айтулы шараға Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрына көрермен көп жиналды. Мәдени шара басында Серік Ақсұңқарұлына облыс әкімінің құттықтау хаты табысталып та үлгерілді. Ақын жырларын жаңа оқи бастаған еді.
60 жасқа толған мерейтойын қалың оқырманымен бірге өткізбек болған қарағандылық ақынның кеші басталған соң арада жарты сағат өтер-өтпесте үлкен залға жиылған 600-ден астам көрермен кенеттен қауіпсіз жерге шығарылды. Кеш басталатын мезгілде – кешкі сағат 17.00-де облыстық прокуратураға телефон шалған белгісіз біреу Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрына жарылғыш зат
- Қарағандыда телефон содырларының сорақы ойындары айына бірер мәрте қайталанып тұрады. Біз ақпарат түсісімен жедел қауіпсіздік шараларын ұйымдастыра бастадық. Жарылғыш зат іздеушілер еш қатердің жоқтығына толықтай көз жеткізді. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып отыр. ТЖ, өрт сөндіру, тағы басқа қызметтерге келтірілген залал бойынша нақты есептеулер жасалып, істің беті толығымен ашылады деп сенеміз,-дейді Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Роза Ібілдаева.
Театр ғимаратын дереу қоршап алған Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем қызметкерлері көрермендердің топталмай тез тарап кетуіне ықпал жасады. Арада екі сағат өткен соң, үлкен ғимаратты толықтай сүзіп шыққан саперлер телефон шалған жанның жалған ақпарат бергеніне көз жеткізді.
- Осыдан бірер жыл бұрын «Антипоэзия» деген эссе жазған болатынмын. Поэзияға қарсы пенделік күйкі істер туралы. Сол антипоэзияның әлі тірі екеніне көзім тағы да жетіп тұр.
«...Әлі, әлі Дантес бар тірі жүрген –
Пистолет жоқ тек қана қолдарында!
Мен де оққа нысана болғаным ба?» деп жазған едім. Антипоэзияның ойында телефон шалу да бар екен ғой, – деп топшылайды өз ойын Серік Ақсұңқарұлы.
Қарағандыда мектептерге, халық көп жиналатын орталық дүкен, вокзал сынды қоғамдық орындарға телефон шалатын қылмыскерлер мәдени шараларға да ауыз сала бастады. Қарағандыдағы С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрына қатысты орын алған оқиғаға байланысты Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қарағандылық ақын Серік Ақсұңқарұлы алғаш өткен ғасырдың 80-ші жылдары поэзия әлеміне өзіндік қолтаңбасымен, ой-өрнегімен "Жиырмасыншы ғасырдың жиырма сәті" жыр жинағы арқылы танылған болатын. Ақынның қоғам жайлы терең философиялы ойға құрылған жалынды жырлары оқырманын әрдайым тауып келеді. Әр жылдары жарық көрген "Адам ата-Хауа ана", "Ғасыр кардиограммасы", "Төбемнен жауһар жауып тқұ" жыр жинақтары аттарының өзі айтып тұрғандай-ақ жыр сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын шығармалары.
60 жасқа толған мерейтойын қалың оқырманымен бірге өткізбек болған қарағандылық ақынның кеші басталған соң арада жарты сағат өтер-өтпесте үлкен залға жиылған 600-ден астам көрермен кенеттен қауіпсіз жерге шығарылды. Кеш басталатын мезгілде – кешкі сағат 17.00-де облыстық прокуратураға телефон шалған белгісіз біреу Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрына жарылғыш зат
Ақын Серік Ақсұңқарұлы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында өлең оқып тұр. Қарағанды, 9 сәуір 2010 жыл.
жасырылғаны туралы хабарлаған. Прокуратура қызметкерлері өз кезегінде ішкі істер дераптаментінің жедел әрекет ету қызметін құлағдар еткен.- Қарағандыда телефон содырларының сорақы ойындары айына бірер мәрте қайталанып тұрады. Біз ақпарат түсісімен жедел қауіпсіздік шараларын ұйымдастыра бастадық. Жарылғыш зат іздеушілер еш қатердің жоқтығына толықтай көз жеткізді. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып отыр. ТЖ, өрт сөндіру, тағы басқа қызметтерге келтірілген залал бойынша нақты есептеулер жасалып, істің беті толығымен ашылады деп сенеміз,-дейді Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Роза Ібілдаева.