Оралда Азаттық тілшісі мен бірнеше журналисті полиция ұстады
Маусымның 23-і күндіз Орал қаласындағы орталық алаңда полиция қызметкерлері Азаттық тілшісі Санат Орын Әлиді ұстап, көлікке салып алып кетті. Сонымен бірге жергілікті "Уральская неделя" газетінің бірнеше журналисін де полиция ұстаған. Полиция Санат Орын Әлидің ұсталғанын Азаттыққа растағанымен, журналисті ұстау себебін айтудан бас тартты. "Уральская неделя" газетінің видеосы.
ПІКІРЛЕР