Алматыда ішкі істер министрлігі көліктегі ішкі істер департаментінің екі қызметкеріне – Медет Әкімхан мен Бақытжан Қолдасбековке қарсы сот өтіп жатыр. Оларға «азаптау» бабы бойынша айып тағылған.
Түрксіб аудандық сотында судья Халимат Керімова өткізіп жатқан соттағы жәбірленушілер – Айдарбек Есенов пен Мақсат Керімбаев есімді азаматтар.
ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕР ШАҒЫМЫ
Жәбірленуші тараптың айтуынша, оқиға 2013 жылдың соңына таман – Алматы облысы Панфилов ауданындағы Алтынкөл станциясында жүк тиеп, уақытша кәсіп қылып жүрген Мақсат Керімбаев полицияға өз еркімен барған кезден басталған. Мақсат Керімбаев досы Айдарбек Есенов екеуі тасыған жүктің ұрланған тауар екенін біліп, соны айту үшін Панфилов аудандық ішкі істер басқармасына келген.
Туыстарының сөзінше, «полицейлер Керімбаевтың сөзін өз мүдделеріне пайдалану үшін жалған куәлік беруді талап еткен, көнбеген соң ұрып-соғып азаптаған».
– Оларды (Мақсат Керімбаев пен Айдарбек Есеновті – ред.) түн ішінде «Газель» көлігімен Алматыдағы көліктегі ішкі істер департаментіне жеткізген. Ондағы полицейлер «жалған куәлік бер» деп Айдарбек Есенов пен Мақсат Керімбаевқа қоқан-лоқы көрсеткен. Екеуі бас тартқаннан кейін ұрып-соққан, азаптаған, қорқытқан, – дейді жәбірленушілердің туыстарының бірі.
Шағымданушы тараптың сөзінше, полицейлер жалған куәлік беруден бас тартқан азаматтардың бірін – жағдайы ауырлап кеткен Мақсат Керімбаевты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатып, Айдарбек Есеновті қамауға алған.
КУӘГЕРЛЕРДІҢ ЖАУАПТАРЫ
Осы оқиғаға қатысты сәуірдің 23-і күні болған сот отырысында бірнеше куәгер сұралды. Олардың бірі – полицейлер тергеуінен соң ауруханаға түскен Мақсат Керімбаевты қараған дәрігер, өзгесі – айыпталушы полицейлер Медет Әкімхан мен Бақытжан Қолдасбековтің әріптестері.
Дәрігер ауруханаға түскен кезде Мақсат Керімбаевтың денесінен ауыр соққы іздерін байқағанын, бас сүйегінен жарақат анықтағанын және өзге де соққы белгілерін көргенін айтты. Маманның болжамынша, «жарақаттарға қарағанда Керімбаевты басынан, денесінен және аяғынан дубинкамен және жұдырықпен ұрған».
Ал куәгер ретінде шақырылған полицейлердің жауаптары бір-біріне ұқсас болды. Олар полиция учаскесінде болған кезде жәбірленушілерден ешқандай соққы іздерін байқамағанын, «жәбірленушілер басқа жерде соққыға жығылуы мүмкін екенін» айтты.
«Жәбірленушілер неге Алматыға әкелінді?» деген сұраққа куәгер полицейлер «Олар өз еркімен «Газельге» отырып алып, шықпай қойды» деп жауап бергенде сот залындағы жұрт ду күлді. Полицейлердің жауаптары кей кезде жәбірленуші Мақсат Керімбаевтың жауабымен үйлеспей, ол «Жоқ, ондай болған жоқ» деп уәж айтып отырды.
Бірнеше сағатқа созылған соттан кейін жәбірленуші жақ полицейлердің жауабы «ертегіге ұқсас болғанын», «азаптау ісіне бастықтарының да қатысы барын» айтып наразылық білдірді.
«ПОЛИЦЕЙЛЕР АЙЫПТЫ МОЙЫНДАМАЙДЫ»
Әзірге қамауға алынбаған айыпталушы полицейлер Медет Әкімхан мен Бақытжан Қолдасбеков Азаттық тілшісінің сауалдарына жауап беруден бас тартты.
Айыпталушы полицейлердің адвокаты Абдал Тазабеков олардың «өздеріне тағылған айыпты мойындамайтындарын» айтады.
– Әділ үкімді соттан күтеміз. Басқа ештеңе айта алмаймын, – деді адвокат Азаттық тілшісіне.
Сәуірдің 24-і күні бұл іс бойынша сотта жарыссөз кезеңі басталады.
Қазақстанда полицейлер «азаптау» бабы бойынша бұған дейін де бірнеше рет сотқа тартылған. Бірақ құқық қорғаушылар адам азаптаған көптеген полицейлердің жазасыз қалатынын айтады.
Қазақстан азаптау мәселесіне байланысты халықаралық ұйымдардың сынына жиі ұшырайды. Amnesty International құқық қорғау ұйымы елде азаптаудың әдеттегі құбылысқа айналғанын, азаптаушылардың жазаланбайтынын айтып, Қазақстан билігін сынаған.