1920-30 жылдардағы идеялық талас-тартыстардан кейін пайда болған жазушылар одағы cовет өкіметімен бірге қилы кезеңдерден өтіп, тәуелсіз Қазақстанның қазіргі «биігіне» шықты. Қазіргі одақ мүшелері бір адамның ұзақ уақыт төраға болуына қарсы - бірақ олар шексіз ел билеуді орынды деп санайды.
Осыдан 78 жыл бұрын, яғни 1934 жылдың жазында Қазақстан совет жазушыларының 1-съезі өтті. Қазақстан жазушылары ұйымы алғашқы съезге 1932 жылдың желтоқсан айынан бастап екпінді дайындыққа кірісті. Бұл ұйым «көркем әдебиет ұйымдарын большевикше қайта құруға» жұмылған кезде қазақ халқының жартысына жуығы аштан қырылып жатқан еді.
Ал 1935 жылы СССР әдеби қорының қазақ бөлімшесі құрылып, Қазақстан жазушылар одағын мемлекет тарапынан қаржыландыруға кірісті. Осыдан әрі қарай жазушылар одағы совет өкіметінің идеология саласындағы оң қолына айналды.
«ҚАЛАМ ҚАЙРАТКЕРІ – БҰРАЛҚЫ ИТ ЕМЕС»
Әдебиет тарихын зерттеушілер қазақ ақын-жазушыларын бір ұйымға біріктіру мәселесі 1925-30 жылдары қаламгерлер арасында талас-тартысқа түскенін айтады. Зерттеушілердің дерегіне қарағанда, қазақ қаламгерлерін біріктіру жолындағы алғашқы қадам 1922 жылдан басталады.
«Небәрі үш-ақ кісі келгендіктен сиез емес, кеңес есебінде өткен» бастапқы талпыныстан кейін, 1922 жылы 8 шілдеде «Еңбекшіл қазақ» газетінде Ахмет Байтұрсынұлының «Қалам қайраткерлерінің жайынан» дейтін мақаласы жарық көрді.
«Жазушылармыз бытыранды болмай, ұйымдасып, бірлесіп іс істесе, бәлкім істері берекелі, өнімді болар» деген ол «кемшілік көрген жұрттан туып, кемшіліктен құтқаруды мақсат етіп, ылғи сол жолда жұмыс қылған қазақ қалам қайраткерлері жұртшыл, ұлтшыл, яғни халқына жаны ашитын, халқының жаны ауырғанда жаны бірге күйзелетін, бауырмал болмасқа тағы мүмкін емес» деп жазған еді.
Ахмет Байтұрсынұлы партиялық принцип, таптық, интернационалдық көзқарас белең алып келе жатқанда жазылған бұл мақалада қазақ жазушыларының интернационал бола алмайтынын айта келе: «Қалам қайраткері – жолын тастап, көрінген жолаушыға ере беретін бұралқы ит емес» деп түйіндеді.
«АЛҚА»
- Ахмет Байтұрсынұлының осы мақаласынан кейін екі жыл өткенде, яғни 1924 жылдың соңы мен 1925 жылдың бас кезінде бағдарламасы жасалған қазақ жазушыларының «Алқа» деп аталатын алғашқы ұйымы - «Қазақстан Жазушылар ұйымының біріккен тарихының бір кезеңі болып саналады, - дейді Азаттық тілшісімен сөйлескен әдебиет зерттеушісі Дихан Қамзабекұлы.
Алаш интеллигенциясы қолдап, Мағжан Жұмабайұлы белсенді түрде араласып, Мәскеу қаласында жазылған «Алқаның» бағдарламасы пролетариат ақындарын сынға алғанымен, біржола жоққа да шығармай, ұлт жазушыларының шығармашылық ұстанымын белгілеп, ортақ ұйымға бірігуді көздеген еді.
«Пролетариат ақыны – төңкерісті өзі жасаған, өзі қиратып, өзі құрып жатқан, төңкерісті өзінің тарихы тудырған, Еуропа тарихының машина дәуірі тудырған, ойы, сезімі завод, фабрикке байланған таптың ақыны. Қазақ ақыны - тарихы бөлек, тұрмысы бөлек, рухы бөлек, төңкеріске жолдан қосылған жабайы тұрмыс елдің ақыны. Сондықтан екеуінің ақындығының мінезі бір болуы мүмкін емес, бірақ негізі бір болуға тиісті, һәм бір болмақ. ...Домбырада екі ішек бар. Екі ішек екі түрлі үн шығарып тұрса да, бір-ақ күй тартылмақ» деп қорытқан болатын ол.
Соның өзінде бұл бағдарлама 1930 жылдары алаш қайраткерлеріне тағылған негізгі айыптардың біріне айналды.
«РАПОРТ ДӘУІРІНІҢ БАСЫ»
«Алқаның» ымыралы бағдарламасын қабылдамаған совет өкіметі іле-шала, 1925 жылғы маусымда ҚазАПП (Қазақ пролетар жазушыларының ассосациясы) ұйымдастыру бюросын құрып, Сәкен Сейфуллинді жетекші етті. Арада бір жыл өте, 1926 жылы 4 қарашада ҚазАПП-тың Сәбит Мұқанов жасаған платформасы еңбекші қаламгерлердің жиналысында бекітілді.
«ҚазАПП-тың құрылуы әдебиет әлеміне біраз әбігер ала келді. Орынбордағы төңкерісшілер басқа ағым былай тұрсын, кейбір большевиктерді КазАПП-қа мүше етпей бірден әпербақандыққа көшті. ...олар оқыған, білімді, абыройлары зор, елге ықпалы жүретін алашшыл ақын-жазушылардан қорықты, өздерін жұтып қоярдай сезінді, сондықтан оңаша отау тігіп, тәуелсіз болуды қалады» деп жазады зерттеуші Тұрсынбек Кәкішұлы.
- 1930-34 жылдары «...ұрандату, жіктелу, айтысу-тартысу, орынсыз кінә тағып қаралау, шындықты жел сөзбен жабу, көлеңкелеу орын алды. Рапорт дәуірінің басы Қазақстанның 10 жылдық мерекелік сессиясынан басталды:
«Құрметті сессия, үкімет,
Еңбекші табы қалың-жұрт,
ҚазАПП ұйымы атынан,
Тапсырамыз рапорт:
Жүз он алты мүше бар,
Сексен бес кітап сыйлаппыз.
Социалды ұлы іске,
Том-томдап жинаппыз» деу дәстүрге айналып, «Нефтістан», «Көмір коммунизм», «Пулемет» сияқты рапорт поэма, дастандар қаптап кетті, - дейді Тұрсынбек Кәкішұлы.
Әдебиет тарихын зерттеуші Мұхаметжан Қаратаевтың жазуынша, 1932 жылдары ҚазАПП-қа басшылық еткен М.Қайыпназаров жазушыларды тізіп қойып, «пролетариат жазушысы», «байшыл жазушы», «жолбике» деген таңбаларды партия жолымен беттеріне басқан.
«ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ЖЫНОЙНАҚҚА АЙНАЛДЫ»
- Совет өкіметі 1932 жылы қабылдаған «Көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы» қаулыдан кейін ҚазАПП таратылып, барша жазушыларды біріктіретін ұйым құрылуы тиіс еді. Бірақ 1934 жылғы 1-съезді ҚазАПП-тың белсенділері өткізді. Оған басқа ағымдағы жазушылар қатысқан жоқ, - дейді тарихшы Бейбіт Қойшыбаев Азаттық тілшісіне.
Алғашқы съезден кейін Қазақстан жазушыларының жеке-дара ұйымына айналған одақ 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргінге де елеулі үлес қосып, қазақ совет әдебиетін қалыптастыра бастаған жазушылардың «тағы да теріс бағытын» әшкереледі.
«Жазушылар одағындағы ұлтшыл-фашист жаулардың зиянды зардабын біржола құртайық» деген ұранға қосылған жазушылар көп ұзамай өздері де «халық жаулары» ретінде зардап шекті.
Осы кезеңдегі «әшкерелеулерді» зерттеген Тұрсынбек Кәкішұлы мұны «жазушылар одағы жынойнаққа айналды» деп қорытады.
Жазушылар одағы 1951-52 жылдардағы саяси қуғын-сүргінге де белсене араласып, өз қатарындағы көптеген жазушылардың «теріс пиғылын» анықтап берді.
Әдебиеттанушы Жандос Смағұлов 1958 жылы жазушылар одағы мен ғылым академиясы тарапынан арнайы комиссия құрылып, өкімет тарапынан ақталған саяси қуғын-сүргін құрбандарының шығармаларын жариялауға шешім қабылдағанын айтады.
Жандос Смағұлов сол кездегі Жазушылар одағының төрағасы Ғабит Мүсіреповтің сөзіне сүйене отырып: «Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытовтың мұраларын жариялауға жоғарыдан қарсылық болмағанын, керісінше бір топ қазақ жазушылары тосқауыл қойғанын» жазады.
«ТҮРІ - ҰЛТТЫҚ, МАЗМҰНЫ - СОЦИАЛИСТІК ӘДЕБИЕТ»
«Совет өкіметі кезінде Қазақтан жазушылар одағы қазақ әдебиетінің өркендеуіне жағдай жасады, ұлттық партияның рөлін атқарып, қазақ халқының сүйеніші, таянышы болды» дейді қазіргі жазушылар естеліктерінде.
Бұл пікірді қолдайтындар 1960-80 жылдары қазақ әдебиетінде пайда болған жекелеген жазушылардың тарихи тақырыптағы шығармалары ұлттық салт-сананың жойылмауына ықпал еткенін айтады. Бірақ ондай шығармалардың өзі СССР жазушылар одағы тарапынан сынға ұшырап жатты.
Дәл осы кезеңде қазақ мектептері жаппай жабыла бастады. Мәселен, кей деректер 1959-1960 жылдары тың өлкесінде 520 қазақ бастауыш мектебі болса, арада 5-6 жыл өтпей оның 160-ы, сол секілді 127 сегіз жылдық қазақ мектебінің 68-і жабылып қалғанын көрсетеді.
Алайда Қазақстан жазушылар одағы компартияның айтуы бойынша «таланты мен шабытын коммунистік құрылыс ісіне арнаумен» болды. 1968 жылы «маркстік-лениндік ғылымның қағидалары, партиялық және халықтық принциптер» тағы бір қуаттады. 1980 жылдары «түрі - ұлттық, мазмұны - социалистік» (сол кезде кең тараған ұран - ред.) әдебиет жасайтынын паш етті.
«ЖАЗУШЫЛАРДЫ ЖЕРЛЕУ КЕҢСЕСІ»
Қазақстан тәуелсіздік алар қарсаңда мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы тоқтап, советтік идеология күйреген соң, жазушылар одағы қатардағы қоғамдық ұйымдардың біріне айналды. Жекелеген жазушылар қоғамдық-саяси істерге бет бұрып, билікке араласты.
Қомақты қаламақыдан қағылған, нарыққа ілесе алмай қалған жазушылар «өлген жазушыларды шығарып салумен ғана шұғылданатын» одақты айыптады. Одақтың қаржылық мүмкіндігінің шектеліп, кейбір жазушыларға мемлекет тарапынан тарапынан жәрдем көрсетілуі, кітабы шығып, стипендия тағайындалуы жазушылардың билікке тәуелділігін күшейткендей болды.
«Қазақстан жазушылар одағы саяси мәселелерге келгенде үнсіз қалады» деп сынайды кей жазушылар. Олар Заманбек Нұрқаділов, Алтынбек Сәрсенбайұлы секілді белгілі оппозициялық саясаткерлерге жасалған қастандық кезінде жазушылар одағы «зиялы қауымның ошағы ретінде әділдік сұрап, билікке талап қоймағанын» айтады.
Қазақстан жазушылары өз ұйымдарының жай-күйін президент Нұрсұлтан Назарбаевқа да бірнеше мәрте айтып, көмектесуін сұрады. 2007 жылы конституция өзгертіліп, Назарбаевтың президенттік сайлауға шектеусіз қатысуына жол ашылған соң бір топ жазушы оның қабылдауында болып, «ерекше қанаттанып шыққандарын» мәлімдеді.
Алайда онан кейін де қаламгерлердің қаламақысы көбейе қойған жоқ, бірақ президентің жекелеген жазушыларды қабылдау арқылы «ынталандыру дәстүрі» жалғаса берді. 2010 жылы қараша айында жазушы Дулат Исабеков те президентке кіріп, елдің жағдайы мен «Мұңлық-Зарлық» хикаясы және «Жазушылар одағындағы атмосфера мен моральдық климат» мәселесін айтып шықты.
«ЕЛБАСЫНЫКІ - ОРЫНДЫ...»
Тура соның алдында ғана қазақ баспасөзінде жазушылар одағының мүлкі мен одақ төрағалығы туралы бірнеше жылдар бойы жазылып келе жатқан дау қайта жалғасқан еді. Арасында Дулат Исабековтің де аты-жөні бар 28 жазушының авторлығымен ақпарат құралдарында жарияланған ашық хатта:
«Қанша бүркемелесе де, қиыннан қиыстырылып ойлап табылған «құрметтi төраға» лауазымы одақты 15 жыл басқарған Нұрлан Оразалиннiң өзiне тағы да шексiз басқара беруi үшiн алдын ала дайындап қойған «қосалқы әуежайы» екендiгi ешкiмге де құпия емес» деп жазылған.
Жазушылар «құрметті төрағалыққа» қарсылық білдіріп, кәсіби одақтарындағы «авторитарлық жүйенің белгісін» сынардан 5 ай бұрын, яғни 2010 жылы маусымның 15-інде президенттіктен кеткеннен кейін де Нұрсұлтан Назарбаевқа билік басында қалуға мүмкіндік беретін «Елбасы туралы» заң қабылданып қойған еді.
Солайша жазушылар ұйымын бір адамның ұзақ басқаруына наразы қаламгерлердің азаматтық позициясы одақ шеңберінен ары асып шықпайтыны көрінді.
Олар сол мезгілде жарияланған мақалаларда: «Елбасымыздыкі - орынды, ал Қазақстан жазушылар одағының 15 жылдан бергі төрағасы Нұрлан Оразалиндікі не?» деген сауалдар қойып жатты.
Жазушылар одағының төңірегінде туып жатқан даулар арасында өз алдына бөлек ұйым құруды көздейтін талпыныстар да жасалды. Мәселен, бір топ жазушы 2006 жылы желтоқсан айында Алматы қалалық жазушылар одағын құратындарын мәлімдеді.
Арада 6 жыл өткенде, яғни биылғы мамыр айында «оппозицияға да саналмайтын, биліктің де сөзін сөйлемейтін» «Тәуелсіз қазақ қаламгерлерінің одағын» құрғысы келетіндер пайда болды. Ұйымдастыру комитетінің өкілі, журналист Ардабек Солдатбай:
- Қаламгерлердің басты мақсаты елде төңкеріс жасау емес... Біз саясатпен айналыспаймыз, журналистер мен жазушылардың құқығын қорғаймыз. Бейтарап ұйымбыз, - деді Азаттық тілшісіне.

Жазушылар одағы 1951-52 жылдардағы саяси қуғын-сүргінге де белсене араласып, өз қатарындағы көптген жазушылардың «теріс пиғылын» анықтап берді.