Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызмет өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту туралы мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтергендер алға қойған мақсатына қарай кедергісіз бара жатыр.
Бастама жария болған күннің ертеңінде, яғни өткен жұма күні олардың өтінішін қабылдаған Орталық сайлау комиссиясы оны қарап, тіркеу мәселесін жылдам шешіп бітірді. Дүйсенбі күні Астанада ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов бастамашыл топқа тіркелгені туралы куәлік пен азаматтардан қол жинауға арналған парақшаларды тапсырды.
Ол бастамашыл топтың жиыны мен құрылуы «Республикалық референум туралы» заңға толық сәйкес өткендігі жайлы Қазақстан бас прокуратурасының ақпараты барын айтты.
«Бастамашыл топ азаматтардан қол жинауға бүгіннен бастап кірісе алады» деді Қуандық Тұрғанқұлов дүйсенбі күні.
Бастамашыл топтың жетекшісі, Семей мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Сыдықов ел азаматтарынан қол жинауды екі аптаның ішінде аяқтамақ ниеттері барын мәлімдеді.
- Неғұрлым тез болғаны жақсы. Біз мұны, шамамен, қаңтардың 10-ына дейін бітіруіміз керек, – деді Ерлан Сыдықов дүйсенбі күні ОСК отырысынан соң.
Заңға сәйкес, бастамашыл топ енді Қазақстан бойынша әрбір облысынан, Астана мен Алматыдан тең мөлшерде (барлығы 200 мыңнан кем емес) қол жинап, тапсыруы тиіс. «Яғни, әрбір аймақтан кемінде 12,5 мың қол жиналуы керек», – деді Қуандық Тұрғанқұлов.
ОСК деректері бойынша, референдум өткізу жөніндегі бастамашыл топ құрамында Қазақстанның әр аймағынан саны тең мөлшерде келген 320 адам бар.
Бастамашыл топ Орталық сайлау комиссиясына өтінішті желтоқсанның 24-і күні тапсырған. Содан бір күн бұрын Өскеменде Қазақстан аймақтарынан жиналған 850 адам бас қосқан жиында 7 адамнан тұратын бастамашыл топ Қазақстан президентінің өкілеттігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде референдум өткізуді ұсынды. Бастамашыл топ өкілдері референдум 2011 жылдың наурыз айында өткізілуі мүмкін деген болжам айтады.
Қазақстанда Назарбаевтың президенттік өкілетін ұзарту жөнінде республикалық референдум өткізу жаңалық емес. Бұған дейін, 1995 жылы сәуір айында өткізілген жалпыхалықтық референдум нәтижесі бойынша Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеті 2000 жылға дейін ұзартылған болатын.
Биыл жазда Қазақстандағы кейбір оппозициялық ұйымдар Нұрсұлтан Назарбаевты отставкаға кетіру жөнінде референдум өткізу туралы бастама көтерген еді. Оппозиция осы мәселені жалпыхалықтық референдумға шығару мақсатында Алматыда республикалық жиын шақырған. Бірақ ол жиынға аймақтардан шақырылған делегаттар түрлі тосқауылдарға тап болды, полиция кейбір адамдарды поезға отырғызбай, құжаттарын тартып алды. Соның салдарынан қыркүйектің 25-і күні Алматыда бас қосқан аймақтар өкілдерінің жиналысында референдум өткізу туралы бастама көтеруге қажетті кворум жетпей қалды. Оппозиция мұны биліктің әдейі жасаған әрекеті деп мәлімдеді.
Ал қазір президенттің өкілетін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту жөнінде референдум өткізуді ұсынып отырған бастамашыл топ әзірше ешқандай тосқауылға кезіккен жоқ. Бастаманың жария етілгенінен бастап, мемлекеттік органға тиісті өтініш тапсыру және оны тіркетіп, қол жинауға рұқсат алу – осының барлығы бар болғаны екі-ақ жұмыс күнінде шешілді.
Биыл жазда 70 жасқа толған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды үздіксіз басқарып келе жатқанына 20 жылдан асты. Соңғы рет ол 2005 жылы желтоқсанда Қазақстан президенті болып жеті жылға қайта сайланған.