Accessibility links

Конституциялық кеңестің президент өтінішіне байланысты шешімі әлі мәлім емес


Қазақстан президенті қызметіне кезекті мәрте сайланған Нұрсұлтан Назарбаев қолын Конституцияға қойып ант беріп тұр. Астана, 20 қаңтар 1999 жыл.
Қазақстан президенті қызметіне кезекті мәрте сайланған Нұрсұлтан Назарбаев қолын Конституцияға қойып ант беріп тұр. Астана, 20 қаңтар 1999 жыл.

Дүйсенбі күні түске дейін бірқатар қоғамдық ұйымдар өкілдері пікірлерін тыңдаған соң, Конституциялық кеңес «Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның Конституцияға сәйкестігін қарау туралы президент Назарбаевтың өтініші бойынша шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті.


Қаңтардың 24-і күні Астанада «Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның Қазақстанның Негізгі заңына сәйкестігін анықтауға арналған отырысында Конституциялық кеңес бірқатар мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің пікірлерін тыңдады.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров Қазақстан президентінің өкілетін ұзарту бойынша референдум өткізу республиканың халықаралық қауымдастық алдында алған міндеттеріне қайшы келмейді деп мәлімдеді.

Сыртқы істер вице-министрі 1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні, 2002 жылғы ТМД-ға мүше елдердегі демократиялық сайлаулар, сайлау құқығы және бостандығының стандарттары туралы конвенцияны атады.

– Пакті мен конвенцияларға министрлік жүргізген талдама соңғысының референдум өткізу мәселесін ешқандай да регламенттемейтінін көрсетеді, референдум өткізуді ешқандай да шектемейтінін және оған тыйым салмайтынын, сайлау мен референдумды өзара шектемейтінін, халықтың еркін білдіру формасы ретінде референдум мен сайлаудың ара қатынасын анықтамайтынын көрсетті, – деді Қайрат Омаров.

Сонымен бірге Конституциялық кеңестің дүйсенбі күнгі отырысында елдегі кейбір үкіметтік емес ұйымдар өкілдері пікірлерін білдірді. «Адам құқығы үшін хартиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс
«Адам құқығы үшін хартиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова. Астана, 24 қаңтар 2011 жыл.
Тұрмағамбетованың айтуынша, Қазақстан бүгінгі күні ЕҚЫҰ және Еуроодақ делегациялары сияқты бірқатар қатар халықаралық ұйымдар мен АҚШ тың мемлекеттік департаментінің сынына ұшырап отыр.

– «Азаматтық және саяси құқық жөніндегі халықаралық факті» құжатына Қазақстан қосылған әрі оны қабылдаған. Құжатта «мемлекет адам құқығы жөніндегі көрсетілген міндеттемелерді қамтамасыз етуі тиіс» делінген. Яғни, адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектеуге тыйым салынған. Бұл туралы «Республикалық референдум туралы» заңның үшінші бабында көрсетілген. Конституцияға өзгертулер енгізу арқылы тікелей менің және басқа азаматтардың құқығы бұзылып отыр, – дейді «Адам құқығы үшін хартиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова.

Конституциялық кеңестің жиынына сарапшы ретінде қатысқан заң ғылымдарының докторы, профессор Сергей Ударцевтің пікірінше, Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі қолдап отырған соң республикалық референдум өткізубеудің еш қисыны жоқ. «Демократияның принциптерінің бірі – аз топтың көпшілікке бағыну» деген пікір айтады Сергей Ударцев.

– Егер біздің мемлекет ұстанған принцип – демократия принципі болса, онда соған сай аз топ көпшілікке бағынуы тиіс. Орталық сайлау комиссиясы
Заң ғылымдарының докторы, профессор Сергей Ударцев. Астана, 24 қаңтар 2011 жыл.
өкілдерінің айтуынша, сайлаушылардың басым көпшілігі, яғни 55,2 пайызы қолдап отыр. Бұл – мейілінше ірі сан. Ал олардың меселін қайтару көпшіліктің құқын бұзу болып табылады, – деді сарапшы Сергей Ударцев.

– «Аз топ көпшілікке бағыну керек» деген Ата заңның 33 тармағына сай келмейді. Өйткені онда «ешқашан ешкімнің құқығы шектелуге болмайды» деген. Конституцияға өзгеріс енгіземіз дегендері сол шектеу болады. Өйткені адамдарда пассивті және активті құқықтары болады. Активтік құқық – сайлау. Поссивтік құқық – сайлану. Егер мына конституцияға өзгерулер қабылданса, он жыл бойы біз өзіміздің құқығымыздан айырыламыз деген сөз, қысқаша айтқанда, – дейді «Адам құқығы үшін хартиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова.

«Біз барлық пікірлерді тыңдадық және бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне бара аламыз деп есептеймін», – деді Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов дүйсенбі күні отырыс соңында.

Игорь Рогов бұл мәселе бойынша шешімді жариялау уақыты қосымша хабарланатынын айтты.

Қаңтардың 14-і күні Қазақстан парламентінің қос палатасы бірлескен сессия өткізіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілетін саяси сайлаусыз ұзартып отыруға негіз болатын өзгерістерді Конституцияға енгізуді қолдап бірауыздан дауыс берді. Назарбаев парламенттің бұл шешімі Конституцияға сай келер-келмесін анықтауды сұрап, қаңтардың 17-сі күні заңды Конституциялық кеңеске жолдады.

Қаңтардың 20-сы күні президенттің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың референдум мәселесі бойынша «шешімді халық пен мемлекет мүдделерін ескере отырып қабылдайтыны» туралы мәлімдегенін хабарлады.
XS
SM
MD
LG