Бұған дейін Азаттық радиосы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданындағы Солнечный қыстағында орналасқан ОВ 156/17 қатаң режимдегі колониясына қамалған бес сотталушы қазанның 29-ы күні, бізге белгісіз себептермен, Өскемендегі тергеу абақтысына ауыстырылғандығын хабарлаған еді. Бұлардың бәрінің ісін кезінде ҰҚК-нің қызметкерлері жүргізген.
Олар: Алматы қаласы қаржы полициясы басшысының бұрынғы орынбасары Ғайнолла Қыстаубаев және оның бұрынғы әріптестері Александр Шестаков пен Тимур Жағыпаров, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бұрынғы төрағасы полковник Дәрібай Шалаев және Павлодар облыстық қаржы полициясы басқармасының бұрынғы басшысы Серік Салтанбеков.
Өзінің жеке басының қауіпсіздігі үшін есімін баспасөзде жарияламауын өтінген дерек көзі аталған бес азаматтың төртеуі колонияға кері қайтарылғандығын, Қыстаубаевтың ғана тергеу абақтысында қалдырылғандығын хабарлады.
- Колониядан әкетілген бұрынғы шенеуніктер туралы Азаттық мәселе көтергеннен кейін солардың төртеуін қарашаның 13-і күні түрмеге қайтарды. Қыстаубаевты абақтыда ұстап отыр. Бұл мекемеде оған қарсы физикалық және моралдық қысым көрсетілуде, - деді ол.
Сонымен бірге, дерек көзі Жалғызтөбедегі осы бесеудің жаза мерзімін өтеп отырған түрменің бастығы Мұхамеджанов қарашаның 12-і күні бұл қызметінен босатылғандығын атап көрсетті. Шығыс Қазақстан облысының орталығынан шамамен 150 шақырым жерде орналасқан қалашықтағы бұл мекеме сот және құқық органдарының бұрынғы қызметкерлері ұсталатын республикадағы жалғыз колония екендігі белгілі.
«АБАҚТЫҒА ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН АУЫСТЫРДЫҚ ДЕГЕНІ ӨТІРІК»
Бұрынғы төрт шенеуніктің колонияға кері қайтарылғандығын Азаттық радиосына олардың біреуінің анасы Татьяна Шестакова да растап отыр.
- Біз Өскемендегі тергеу абақтысының басшылығымен сөйлестік. Мекемедегілер сотталғандарды қауіпсіздік мақсатында ауыстырғандығын және оларға қарсы ешқандай қысым көрсетілмегендігін айтты. Қандай қауіпсіздік мақсатын көздеп отырғандықтарын олар, әрине, бізге түсіндіріп жатпады, - деді Шестакова.
Алайда тергеу абақтысында қалдырылған Қыстаубаевтың туған-туыстары болса оның өмірі үшін әлі де алаңдап отырғандықтарын жасырмады, бірақ олар Қыстаубаевқа қысым көрсетіп жатыр екен дегенді естімегендіктерін айтып отыр.
- Біз ол туралы ешқандай хабар біле алмай отырмыз. Оны түрмеден абақтыға ауыстырғанымен бір өзін сол жерде неге қалдырғаны да біз үшін жұмбақ болды. Олардың өздерінің ішкі бір мәселесі сияқты көрінеді. Ал олардың жеке қауіпсіздігі үшін абақтыға ауыстырған дегені өтірік, құр сылтау ғана, - деді Ғайнолла Қыстаубаевтың әпкесі Қуанышгүл Қыстаубаева.
Бұған қоса Қыстаубаева бірқатар құзырлы органдар мен қоғамдық ұйымға хат жолдағандығын, алайда олардан да жауап келмегендігін ашына баяндады.
- Біз прокуратураға, қылмыстық атқару жүйесінің басқармасы бастығына, тергеу абақтысының басшылығына, сондай-ақ Халықаралық «Адам құқығын қорғау хартиясы» қоғамдық қорының директорына хат жолдадық. Содан бері қаншама уақыт өткендігіне қарамастан ешқайсысы жауап берген жоқ, - деді Қыстаубаева.
АБАҚТЫДАН ҚЫСТАУБАЕВТЫ СҰРАСАҢ, БАЛАҒАТ СӨЗ ЕСТИСІҢ
Қазақстандағы түзеу мекемелеріне жауапты республикалық қылмыстық атқару жүйесі комитеті (КУИС) төрағасының орынбасары Михаил Лырчиков қарашаның 16-ы күні Азаттық радиосының сауалдарына жауап беруден бас тартып, сөз болып отырған мәселебойынша жазбаша хаттың негізінде ғана жауап бере алатындығын мәлімдеген.
Ал Өскемендегі тергеу абақтысына хабарласқанымызда, телефон тұтқасын көтерген кісі Қыстаубаевты білмейтіндігін айтумен шектеліп қалмай, мемлекеттік органға хабарласқан тілшіні бейпіл сөздермен балағаттап, оған қоқан-лоқы жасады.
Ал осыдан екі апта бұрын Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің басқармасы бастығының қызметін атқарушы Мұрат Жұмаділов, Азаттық радиосына, бұрынғы бес шенеуніктің Өскемендегі тергеу абақтысына әкелінуін мекеменің ішкі жұмыстары ретінде түсіндіріп, оның мән-жайын ашып айтудан бас тартқан болатын.
Олар: Алматы қаласы қаржы полициясы басшысының бұрынғы орынбасары Ғайнолла Қыстаубаев және оның бұрынғы әріптестері Александр Шестаков пен Тимур Жағыпаров, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бұрынғы төрағасы полковник Дәрібай Шалаев және Павлодар облыстық қаржы полициясы басқармасының бұрынғы басшысы Серік Салтанбеков.
Өзінің жеке басының қауіпсіздігі үшін есімін баспасөзде жарияламауын өтінген дерек көзі аталған бес азаматтың төртеуі колонияға кері қайтарылғандығын, Қыстаубаевтың ғана тергеу абақтысында қалдырылғандығын хабарлады.
Колониядан әкетілген бұрынғы шенеуніктер туралы Азаттық мәселе көтергеннен кейін солардың төртеуін қарашаның 13-і күні түрмеге қайтарды...
- Колониядан әкетілген бұрынғы шенеуніктер туралы Азаттық мәселе көтергеннен кейін солардың төртеуін қарашаның 13-і күні түрмеге қайтарды. Қыстаубаевты абақтыда ұстап отыр. Бұл мекемеде оған қарсы физикалық және моралдық қысым көрсетілуде, - деді ол.
Сонымен бірге, дерек көзі Жалғызтөбедегі осы бесеудің жаза мерзімін өтеп отырған түрменің бастығы Мұхамеджанов қарашаның 12-і күні бұл қызметінен босатылғандығын атап көрсетті. Шығыс Қазақстан облысының орталығынан шамамен 150 шақырым жерде орналасқан қалашықтағы бұл мекеме сот және құқық органдарының бұрынғы қызметкерлері ұсталатын республикадағы жалғыз колония екендігі белгілі.
«АБАҚТЫҒА ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН АУЫСТЫРДЫҚ ДЕГЕНІ ӨТІРІК»
Бұрынғы төрт шенеуніктің колонияға кері қайтарылғандығын Азаттық радиосына олардың біреуінің анасы Татьяна Шестакова да растап отыр.
- Біз Өскемендегі тергеу абақтысының басшылығымен сөйлестік. Мекемедегілер сотталғандарды қауіпсіздік мақсатында ауыстырғандығын және оларға қарсы ешқандай қысым көрсетілмегендігін айтты. Қандай қауіпсіздік мақсатын көздеп отырғандықтарын олар, әрине, бізге түсіндіріп жатпады, - деді Шестакова.
Алайда тергеу абақтысында қалдырылған Қыстаубаевтың туған-туыстары болса оның өмірі үшін әлі де алаңдап отырғандықтарын жасырмады, бірақ олар Қыстаубаевқа қысым көрсетіп жатыр екен дегенді естімегендіктерін айтып отыр.
- Біз ол туралы ешқандай хабар біле алмай отырмыз. Оны түрмеден абақтыға ауыстырғанымен бір өзін сол жерде неге қалдырғаны да біз үшін жұмбақ болды. Олардың өздерінің ішкі бір мәселесі сияқты көрінеді. Ал олардың жеке қауіпсіздігі үшін абақтыға ауыстырған дегені өтірік, құр сылтау ғана, - деді Ғайнолла Қыстаубаевтың әпкесі Қуанышгүл Қыстаубаева.
Бұған қоса Қыстаубаева бірқатар құзырлы органдар мен қоғамдық ұйымға хат жолдағандығын, алайда олардан да жауап келмегендігін ашына баяндады.
- Біз прокуратураға, қылмыстық атқару жүйесінің басқармасы бастығына, тергеу абақтысының басшылығына, сондай-ақ Халықаралық «Адам құқығын қорғау хартиясы» қоғамдық қорының директорына хат жолдадық. Содан бері қаншама уақыт өткендігіне қарамастан ешқайсысы жауап берген жоқ, - деді Қыстаубаева.
АБАҚТЫДАН ҚЫСТАУБАЕВТЫ СҰРАСАҢ, БАЛАҒАТ СӨЗ ЕСТИСІҢ
Қазақстандағы түзеу мекемелеріне жауапты республикалық қылмыстық атқару жүйесі комитеті (КУИС) төрағасының орынбасары Михаил Лырчиков қарашаның 16-ы күні Азаттық радиосының сауалдарына жауап беруден бас тартып, сөз болып отырған мәселе
Телефон тұтқасын көтерген кісі тілшіні бейпіл сөздермен балағаттап, оған қоқан-лоқы жасады ...