Eurasia View («Еуразия Вью») бұл мақаласын қаңтардың 29-ы күні жариялады.
Мақаланың авторы Пауэл Бартлеттің жазуынша, «Қазақстандағы сыраны жақсы көретін кісілер сыра ішкен сайын жойылып бара жатқан құстар фаунасын сақтап қалуға өз үлестерін қосады».
«ӘР ҚАЛБЫРДЫҢ ЕКІ ТЕҢГЕСІ - БҮРКІТКЕ КӨМЕК»
Мақала авторы «Қазақстандағы ірі сыра зауытының бірі бүркітті қорғау үшін арнайы акция ұйымдастырған» деп жазады.
Мақаладағы дерекке қарағанда, Қарағандыдағы сыра қайнату зауыты арнайы қалбырлар шығарған. Сатылған әр қалбырдың екі теңгесі бүркітті қорғау қорына аударылады.
Автордың пайымдауынша, «Қазақстан халқы сыраны ұнататын болып шыққан». Өйткені Қарағандыдағы сыра зауыты басшыларының айтуынша, компания Алматыдағы жыртқыш құстарды бағатын «Сұңқар» орталығы пен Қазақстанның зоология институтына 2012 жылдың маусым айынан бері осы акцияның арқасында 2 миллион 600 мың теңге (17 мың 220 доллар) қаржы аударған.
Зауыт шығарған арнайы сыра қалбырының сыртында бүркіттің суреті бар. Шетелдік автор «бүркіт Қазақстан туында бейнеленгенін және бүркітпен аң аулау өнері қазақтар үшін киелі дәстүр саналатынын» жазған.
Қарағандыдағы сыра зауыты да бүркіттің бейнесін өздері өндіретін тауардың бренд белгісіне айналдырған.
«ҚАЗАҚСТАНДА 1500 БҮРКІТ ҚАЛДЫ»
Eurasia View-дің зерттеуінше, «Сыра зауытының қаржылық қолдауы зоология институтының Қазақстандағы бүркіттің мекендейтін жерлерін дәл анықтауға және олардың не себепті азайып бара жатқанын зерттеуге жәрдемдеседі».
Басылым дерегі бойынша, «Қазақстандағы төрт таулы аймақты зерттеген ғалымдар «2012 жылы 650 жұп бүркіт таптық» деп мәлімдеген. Ғалымдар олардың жалпы саны 1500-дің шамасында болуы керек деп болжайды».
Мақала авторы бүркіттің азаю себебіне де тоқталған. Соңғы жылдары елдегі заңсыз аңшылық пен қоршаған ортаның ластануынан бүркіт күрт азайған.
Автордың зерттеуінше, 1991 жылы СССР ыдыраған соң, Орталық Азия аймағында жыртқыш құстардың заңсыз саудасы дамыған. Әсіресе Парсы шығанағының тұрғындары Орталық Азияның жыртқыш құстарына құмартып, оларды сатып алуға көп тапсырыс берген. Бизнестің осы түрін кәсіп қылған адамдар бүркіт балапандарын шетелдерге контрабандалық жолмен тасыған.
«НАУРЫЗДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН УАҚЫТ БАР»
Алматының Алмарасан тау шатқалында орналасқан «Сұңқар» орталығы бүркіт тұқымын көбейтуді қолға алып жатыр. Мамандар алдағы көктемде бүркіттің сегіз балапанын орталықта өсірмек. Екі айда бұл балапандардың қанаты шығады. Содан соң оларды босатып жібереді. Мамандар олардың ары қарай өсіп-өнуін қадағалайды.
Мақалада құс бағатын орталықтың құрылу тарихы жайлы да аз-кем мәліметтер берілген. Автордың зерттеуінше, бұл орталық алғаш рет 1989 жылы жыртқыш құстардың жоғалып бара жатқан түрі - ителгіні сақтап қалу мақсатында құрылған.
Орталықта қызмет ететін құсбегілер жаз айларында далаға шығып, туристерге ителгімен аң аулау өнерін көрсетеді. Қарағандыдағы сыра қайнататын зауыт ұйымдастырған бұл акция наурыз айының соңына дейін жалғасады.
«Жойылып бара жатқан құстарға қолдау көрсетемін деушілерге әлі де мүмкіндік бар» деп ескертеді Eurasia View-де жарияланған мақаланың авторы Пауэл Бартлет.