Қарағанды қаласының билігі апатты деп танылған «Бесоба» жаңа тұрғын үй кешенінің орнына 2013 жылдың соңына дейін екі үй тұрғызуға уәде еткен. Бірі – үш блок-секциядан тұратын 12 қабатты үй, екіншісі – төрт блок-секциядан тұратын 10 қабатты үй. Бірақ қазір үш подъезі бар 12 қабатты жалғыз үй ғана салынып біткен.
КӨПТЕН КҮТКЕН ҚОНЫС
Әлі салынып бітпеген кешенге үй жиһазы мен заттар тиелген жеңіл және «газель» көліктері келе бастады. Қазір мұнда 20-дан аса отбасы көшіп келіп жатыр.
Қоныстанушылардың айтуынша, пәтерлердегі бөлмелердің аралық қабырғалары гипсокартоннан жасалған, бұрыштарын мұз басып, сыз тартқан. Бірақ құрылысшылар «әрлеу жұмыстары біткен соң үй жылынады» деп жұбатады. Билік Қарағандының қиыр шетіндегі Майқұдықтағы уақытша берген пәтерлерден көшуге асыққан «бесобалықтардың» көпшілігі бұған да төзуге дайын.
«Шапағат» кешенінің есімін атағысы келмеген бір тұрғын әйелінің айтуынша, жаңа пәтері «Бесобадағы» пәтерге қарағанда кеңдеу.
– «Бесобадағы» бұрынғы пәтеріммен салыстырғанда кеңдеу. Алғашқы кезде жөндеусіз-ақ тұра беруге болады, – дейді ол.
Бірақ 12 қабатты үйдің кейбір пәтерлері әлі дайын емес. Шенеуніктердің уәде етуінше, жуықта барлық подъездер тұрғындарды қабылдауға дайын болады.
КЕЗЕК КҮТУ
«Шапағат» жаңа тұрғын үй кешенінің басқа үйлері де әлі салынып бітпеген. Билік олардың бірін 2013 жылдың аяғына дейін, ұзаса 2014 жылдың басында тапсырамыз деп уәде еткен. Қазір ол жерде жоспарланған 10 қабатты үйдің іргетасы құйылып, аралық қабырғалары жоқ үш қабаты ғана көтерілген. Зардап шеккен «бесобалықтардың» қалғанына кезегін тағы жарты жылдай күтуіне тура келеді.
Лидия Коптеваның отбасы «қираған пәтердің орнына береміз» деп билік уәде еткен жаңа пәтерге көшуді тағатсыздана күтіп жүр. Бірақ үйдің әлі салынбай жатқанын естіп ренжиді.
Лидия Коптева – «Бесобадағы» пәтерін ең соңынан тастап шыққан тұрғындардың бірі. Оның отбасы «билік баспана береміз деп уәде етпей, тапжылмаймыз» деп отырып алды. Қарағанды шенеуніктері құрастырған келісім-шарттың көп тармақтары Коптевтер отбасына күдікті көрінген. Әйелдің айтуынша, келісім-шарттың түсініксіз тұстары қазір де бар. Мысалы, Лидияның отбасы «Шапағат» тұрғын үй кешенінен пәтер алу кезегінде 120-отбасы болып тұр. Бұл келісім-шартты тіркеу нөмірі, ал жаңа үйден берілетін пәтер нөмірі – 281.
– Кезектегі нөмірім 120 болса, маған 281-пәтерді қалай бермек? Оның үстіне, ол пәтер соңғы кезекте салынатын үйдің 11-секциясында екен. Шамасы, біреулер менің алдымды орап кеткен. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне бірнеше мәрте барғаныммен, бастығын таппай қайттым. Ешкім ештеңе айтпайды. Әбден жүйкемізді тоздырды. Әкім «басқаларға пәтерлерін жазда тапсырамыз» деген, ал құрылысшылар «жоспар бойынша, қыркүйек-қазан айлары» деп отыр. Ештеңе түсінбей далмыз, – дейді бұзылған «Бесоба» кешенінің тұрғыны Лидия Коптева Азаттық тілшісіне.
Бұзылған «Бесобаның» басқа тұрғындары сияқты Лидия Коптева да «Үйімізді межелі мерзімде салып бітпей ме?» деп қауіптенеді. Тұрғындардың қолындағы уақытша баспана туралы келісім-шарттың 2014 жылдың аяғына дейін деп бекітілуі де алаңдауға себеп болып тұр. Енді тұрғындар «Жаңа үйлерді салып үлгермей жатып, уақытша баспанадан шығарып жібермесіне кім кепіл?» деп күдіктенеді.
ШЕНЕУНІКТЕР: «БАСПАНА МЕРЗІМІНДЕ ТАПСЫРЫЛДЫ»
Қарағанды облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, уәде етілген алғашқы үйлер құрылыс жұмыстары кестесіне сәйкес пайдалануға берілген. Билік апатты деп танылған бұрынғы «Бесоба» кешенінің тұрғындарына Майқұдықтың 14-ықшамауданынан уақытша баспана берген еді. Пайдалануға берілген жеті блок-секциялы үйлерде жалпы аумағы 23,4 мың шаршы метр болатын 294 пәтер бар. Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, қазір пайдалануға берілген пәтерлерге тұрғындар әрлеу жұмыстары бітуіне қарай біртіндеп қоныстана бастайды.
Зардап шеккен «бесобалықтарға» арналып тұрғызылып жатқан жеті блок-секцияның сметалық құны – 3 миллиард 150 миллион теңге. Оның 1 миллиард 500 миллион теңгесі үкіметтің резерв қорынан бөлінген. Аймақ билігінің мәлімдеуінше, болашақта «Шапағаттың» құрылысына мердігер компаниялар қаржы қосады.
Қарағандыда үлескерлердің ақшасына үш жыл бұрын салынған «Бесоба» тұрғын үй кешеніне қатысты жанжал 2012 жылы шықты. Бес қабатты 7-тұрғын үйдің төрт подъезді блогы 2012 жылы сәуірдің 6-сы күні құлап қалды. Билік апатты деп танылған тұрғын үй кешенін бұзып, жаңасын салу туралы шешім қабылдады.
«Бесоба» ісі бойынша 326 адам жәбірленуші деп танылды. Прокуратураның есебінше, оларға 3 миллиард теңгеден көп зиян келтірілген. Қылмыстық іс қозғалып, «Бесоба» тұрғын үй кешенін қабылдаған бұрынғы төрт шенеунік сотталды. Сот «міндетіне жауапсыз қараған» деп таныған шенеуніктер кейін рақымшылыққа ілінді.
Құрылысшылар «Бесобаны» бұзып, орнына жаңа кешен тұрғыза бастаған кезде бұрынғы мердігерлер жіберген негізгі кемшіліктерді анықтады. «Бесоба» үйлерін жабын-плиталардан тұрғызып, қатты жерде жатуы тиіс таспалы іргетасты саздың үстіне қоя салған. Оның үстіне, бірде-бір қада-тіреу қағылмаған. Үйлер қисайып кеткен. Ал көктемде тоң ери бастағанда, үй құлап түскен.