Accessibility links

ЕАЭО-дағы монополияға тосқауыл қоюға шақырады


Қазақстандағы электр тасымалдау желісі. Қызылорда облысы, 14 шілде 2013 жыл.
Қазақстандағы электр тасымалдау желісі. Қызылорда облысы, 14 шілде 2013 жыл.

Қазақстандық тауар өндірушілер мен экспорттаушылар Еуразия экономикалық одағына мүше елдерді монополияларды шектеп, бәсекелес орта құру шараларын қарастыруға шақырады. Кей бизнесмендер «одақ елдерімен тауар айналымы кеміді» деген шағым айтады.

АРТЫҚ ЭЛЕКТР ҚУАТЫ МЕН РЕСЕЙ

Республикалық тау-кен өндірісі мен тау-кен металлургиялық кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры әр Қазақстан тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағының президенті Николай Радостовецтің айтуынша, қазір Қазақстанда артық өндірілген екі миллионға жуық мегаватт энергия бар. Оның пікірінше, Қазақстан артық энергиясын Ресей мен өзге көрші елдерге сатуға болады.

ЕАЭО-дағы монополияға тосқауыл қоюға шақырады
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:55 0:00
Жүктеп алу

- Жеңіл, тамақ өнеркәсібі тауарларын тым аз сатып жатқанымызды жақсы түсініп отырмыз. Ресеймен арадағы тауар айналымымыз көп түсіп кетті. Демек, бірінші кезекте бізде бар дүниені сатуымыз керек. Бізге қарағанда, Ресейде электр қуатының бағасы қымбат. Қазір Қазақстанда электр қуатының бағасы арзандап барады, - дейді Николай Радостовец.

Бірақ қазақстандық кәсіпкерлерге өнімін сату оңай болмай тұр. Қазақстан тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағы президентінің айтуынша, Ресейдің энергетика нарығына кіруге баға саясаты, ашықтықтың жоқтығы және «Ресейдің бірыңғай энергетикалық жүйесі» РАҚ (РАО «ЕЭС России» - «Ресей БЭЖ» РАҚ) деген бірыңғай делдал оператор кедергі болып отыр.

Саяногорскідегі электр желісі. Ресей, 28 шілде 2014 жыл.
Саяногорскідегі электр желісі. Ресей, 28 шілде 2014 жыл.

- Тауар сатуға тамаша мүмкіндіктер ашылды деп жатырмыз, бірақ Қазақстанның электр қуатын сату үшін Ресейдегі бірыңғай делдалды айналып өте алмай отырмыз. Ол нарыққа бізді кіргізбес үшін түрлі амалдар қолданып отыр, - дейді Николай Радостовец.

Оның айтуынша, компанияларға тікелей сатумен айналысуға мүмкіндік бермейтін дәл осындай бірыңғай оператор қазір Қазақстанда да құрылып жатыр. Оның пікірінше, экспорт-импорт операцияларын монополиядан тазартып (демонополизация), импорт, экспортпен айналысатын бірнеше оператор құрса, компаниялар өздігінен мәмілеге отыруға мүмкіндік алады.

- Қазақстаннан Ресейге жүк көлігін апаруға немесе Ресейден бізге әкелуге болады, ал электр қуаты сияқты өнім, қызмет түрлерін не істейміз - бұл жағы қиын болып тұр. Ресей Федерациясы заңдарын өзгерту керек, әлде біз Ресей заңдарын сот шешімі арқылы өзгертуді талап ете аламыз ба? - дейді Николай Радостовец.

ЕАЭО СОТЫ

Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) төрағасының орынбасары Жолымбет Байышев тауар және қызмет түрлерін сату мен жұмыс күшінің бір елден екінші елге баруына қатысты ережелерді оңды-солды бұзуға тыйым салынып, Еуразия аймағына кіретін елдердің бәріне ортақ бірыңғай ереже енгізілуі тиіс деп санайды. Бірақ оның пікірінше, бірден сотқа жүгінудің мәні жоқ.

Бурабайдағы ЕАЭО елдері президенттерінің кездесуі. Солдан оңға қарай: Армения президенті Серж Саргсян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин және Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Ақмола облысы, 16 қазан 2015 жыл.
Бурабайдағы ЕАЭО елдері президенттерінің кездесуі. Солдан оңға қарай: Армения президенті Серж Саргсян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин және Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Ақмола облысы, 16 қазан 2015 жыл.

- Өйткені келісім-шартта қарастырылған нормалар бойынша, біз бұл нормаларды Еуразия одағына кіретін бүкіл елдің территориясында біркелкі орындауды қамтамасыз етуіміз керек. Мұны шешу варианттарының бірі - ол мәселелерді үкіметке жеткізіңіздер. Сол кезде Қазақстан үкіметі бұл мәселелерді одаққа мүше қалған мемлекеттермен реттеуге тырысып, сотқа жүгіне алады, - дейді Жолымбет Байышев.

Оның сөзінше, ЕАЭО соты көбінесе кедендік дауларды қарайды. Ал монополия орнатуға қарсы салада бағаны әдейі арзандату әрекеттеріне қарсы (антидемпинг) шаралар қолдануды талап еткен әзірше екі іс қана қаралған.

- Одақтың жаңа сотына бәскелестік пен баға демпингіне қарсы шараларға қатысты істер әзірше түскен жоқ, - дейді Жолымбет Байышев.

Оның айтуынша, бұған қоса, Қазақстанның шаруашылық субъектілерінің көбі бұзылған құқығы мен мүддесін дәл осы халықаралық сотта қорғауға болатынын білмейді

ТАУАР АЙНАЛЫМЫ КЕМІГЕН

Экономист Жангелді Шымшықов ЕАЭО аймағына жататын экономиканың бүкіл саласын монополиядан тазарту қажет деп санайды. Сарапшының айтуынша, Қазақстанның монополияға қарсы заңдарында проблемалар бар, қазір ұлттық экономика министрлігі құрамындағы комитеттерге айналған құрылымдарды реформалау қажет. Экономистің айтуынша, олар мәртебесінен ғана емес, бұрынғы ықпалынан да айырылған.

- Ең қызығы, Кеден одағы мен Еуразия одағын құрғаннан кейін одаққа мүше елдердің бәрінің сыртқы сауда айналымы кеми бастады. Одақтас елдермен сауда-саттықта экспорт көлемі 35 пайыздан көпке кеміп кетті, импорт та азайды, - Жангелді Шымшықов.

Оның пікірінше, технологиялық немесе техникалық тұрғыдан бір-бірін толықтыратын елдер интеграцияға түсуі тиіс. Экономист Қазақстан экономикасы Ресеймен бәсекелесе алады, бірақ интеграцияға түсе алмай, бұл жағынан ұтылып отыр деп санайды.

Ресейдің "Нехотеевка" бекетінде тоқтатылған қазақстандық жүй көліктері. 15 ақпан 2016 жыл.
Ресейдің "Нехотеевка" бекетінде тоқтатылған қазақстандық жүй көліктері. 15 ақпан 2016 жыл.

- Біздің ең өтімді, мықты тауарымыз - спиртті ішімдіктер, оның ішінде Қазақстан бидайынан жасалатын арақ. Бұл синтетикалық өнім емес, оны таза бидайдан қайнатады. Мен 2015 жылдың қорытындыларын қарап шықтым. Олар біздің ішімдіктерді нарыққа өткізбейді екен. Өзіміз небәрі сегіз миллион теңгенің өнімін сатыппыз, ал есесіне Ресей өнімін 40 миллион теңгеге сатып алыппыз, - дейді Жангелді Шымшықов.

Қазақстан президенті жанындағы стратегиялық зеттеулер институты дерегінше, былтырғы жылдың 10 айында Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 26,4 пайызға – шамамен бес миллиард долларға кеміген.

Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) туралы келісім-шарт 2015 жылы қаңтардың 1-і күні күшіне енген. Одаққа Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Армения елдері мүше.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG