Совет әскері Ауғанстанға 1979 жылы желтоқсан айында кіріп, 10 жылдан кейін шықты. Соғысқа Қазақстаннан 20 мыңнан көп жауынгер аттанып, бірнеше жүз сарбаз қаза тапты. Бірнеше мың солдат соғыстан мүгедек болып оралды.
Ресми мәліметтер бойынша, Ауғанстандағы соғыс кезінде 14 мыңнан астам совет солдаты мерт болған, бірнеше жүз жауынгер жоғалып кеткен. Кейбір деректерге қарағанда, 600 мыңнан астам ауған азаматы қаза тапқан.
Қазақстандағы ауған соғысы ардагерлері кеңесінің дерегіне сүйенсек, соғыс кезінде хабарсыз кеткен қазақстандық сарбаздар бар. Кейбір деректерде олардың санын 21 деп көрсетеді. Ал 2012 жылы соғыста қаза болған Алексей Зуев пен Абдулхаким Ергешовтың сүйектері табылып, Қазақстанға жеткізілген.
AzattyqLIVE хабарына ауған соғысы ардагері, алғашқы шайқастарға қатысқан Абзал Темешов болды.