Қазақстанда 1999-2005 жылдар аралығында несиелендіру бағдарламасы бойынша 59 мыңға жуық студент білім алған.
Студенттерге мемлекеттік білім беру несиесі (15 жылға дейін) мен мемлекеттік студенттік несие (10 жылға дейін) берілген. Студенттік пайызсыз несие студенттер мен магистранттарға тамақтану, үйде тұру және оқу әдебиеттерін алу үшін өтініш арқылы тағайындалған. Қарыздарды студенттер оқу бітірген соң әрі кеткенде алты айдан соң төлей бастауы керек деп белгіленген.
Президент бұйрығымен және білім және ғылым министрлігінің қаулысы бойынша, 2005 жылы бұл бағдарлама тоқтатылып, несие бойынша оқып жатқан студенттер мемлекеттік грант жүйесіне ауыстырылған.
Несиелендіру бағдарламасы бойынша оқыған алғашқы студенттердің қарызды төлеу мерзімі 2014 жылы аяқталады. Алайда олардың кейбірі мемлекет алдында қарызы бар екенін білмейтін болып шықты.
"ОТБАСЫН ҚҰРАМ БА? ҮЙ АЛАМ БА? НЕСИЕ ТӨЛЕЙМІН БЕ?"
Алматы қаласының тұрғыны, осы жүйе бойынша университет бітірген Берік Әбсаттаров (өз өтініші бойынша есімі өзгертіліп берілді - ред.) мемлекет алдында шамамен 400 мың теңге қарызы бар екенін айтады. Ол келісім-шарт бойынша қарызын 2015 жылға дейін төлеуі керек болған.
- Қарызды өтеген жоқпын. Себептері де жетерлік. Жаңадан оқу аяқтаған маманға ешкім жақсы жұмыс бермейді. Онын үстіне тағы екі жыл магистратура оқыдым. Егер менің мамандығым техникалық немесе басқа болғанда қаржыны көптеп табуға болар еді. Менің мамандығым гуманитарлық салаға қатысты. Біздің елімізде гуманитарлық салада мамандарға деген сұраныс аз, оның үстіне жалақысы да төмен. Сондықтан мен үшін ол қарызды төлеу қиынға түсті. "Оқуымды жалғастырам ба?", "Отбасын құрам ба?", "Үй алам ба?" деген сұрақтарды шешу керек болды, - дейді Берік.
Оның айтуынша, несие беру туралы келісімде кешіктіргені үшін айыппұл төлеу, үйді кепілдікке кою деген шарттар көрсетілмеген. «Қаржы иесі» тарапынан ескерту хаттар да болғанын айтады.
- Басында бір-екі рет хат келген болатын. Кейін келмей кетті. Тек осыдан екі-үш жыл бұрын қаржы орталығы АО (акционерлік қоғам - ред.) болып өзгерді, қарыз төлеңдер деген хабарлама болды, - дейді ол.
"МЕМЛЕКЕТ ДАУЛАМАЙТЫН ШЫҒАР ДЕП ОЙЛАДЫМ..."
Алматы қаласының Дамир есімді (фамилиясын айтпады - ред.) тұрғыны мемлекеттен жоғары оқу орнында білім алу үшін қанша несие алғанын да нақты есіне түсіре алмады. Ол бір жыл несие жүйесімен оқып, кейін грантқа ауысып кеткен екен.
- Диплом алар кезде «осыншама қарызың бар екен» деп университет айтқан. Оқу бітірген соң мекен-жайым ауысып кетті. Содан бері бұл тақырыпты ешкім қозғаған емес. Осыдан бірнеше жыл бұрын несие аларымда банк менің несие тарихымды тексеріп, ешқандай қарыз таппады. Сол кезде «бұл несиені мемлекет өз мойнына алған екен-ау» деп ойлағанмын. Негізі мен сияқты бұл несиені ұмытып кеткен студенттер көп, - дейді Дамир.
Ал Мунира есімді астаналық бұрынғы студенттің ойынша, "кез-келген адамнан сұраңыз - олардың ешқайсысы төлемеген".
- Егер қарыз болсақ, неге мемлекет дер кезінде хабар беріп ескертпейді. Мен осы күнге дейін бірде-бір хабарлама алып көрген жоқпын, - дейді ол.
3 МЫҢ 800 СОТ ШЕШІМІ
Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» АҚ-ның айтуынша, студент үш жақты келісім-шарт жасасқан мерзімінен бастап есептегенде 15 жыл ішінде несиесін төлей бастауы тиіс болған.
Соңғы дерек бойынша, несие алған студенттердің жартысы қарыздарын қайтармаған.
Орталықтың мәліметі бойынша, несиелендіру бағдарламасына бөлінген 15 миллиард теңгенің тек 2,8 миллиарды ғана қайтарылған. Ал 800 миллион теңге сот арқылы өндіріліп алынған.
"Қарызды қайтармау себептерінің кейбірі - қарызгерлердің және олардың сенімді өкілдерінің қаржылай мүмкіндіктері болмауы, несие бойынша міндеттерді орындауға қатысты хабардар болмауы, сондай-ақ қарыздың сомасы, өтеу мерзімдері мен несиелік міндеттемелерді уақтылы орындамаған жағдайда қандай шаралар қолданылатыны жөнінде ақпарат беру үшін тұрғылықты мекен-жайлары туралы мәліметтердің берілмеуі. Осы ретте кейде қарызгерлердің (соттың шешімі бойынша да) қарызын төлегісі келмейтін жағдайлар да болып тұрады. Соттан шақыру алған соң ғана жағдайдың қаншалықты күрделі екенін түсініп, төлемдер жасай бастайды" деп жазылған орталықтың Азаттыққа берген ресми жауабында.
Орталықтың жазуынша, қазір Қазақстан соттары несиелер бойынша қарызды өндіріп алу туралы 3 мың 800 шешім шығарған.