Паралимпиада ойындарына бесінші рет қатысқалы отырған Қазақстан бұған дейін бірде-бір жүлде алмаған. «Биыл да жүлде алуымыз қиын» дейді спорт және дене шынықтыру агенттігінің өкілі.
– Жеті жолдама алудың өзі – үлкен жетістік. 2008 жылмен салыстырғанда биыл паралимпиадаға төрт лицензияны көп алдық, – деді Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігі мүмкіндігі шектеулі спортшылармен жұмыс бөлімінің бастығы Марат Қаскербеков.
«ДАЙЫНДЫҚ – ЖАҚСЫ, ЖҮЛДЕ АЛУЫМЫЗ – ҚИЫН»
Марат Қаскербековтің айтуынша, «паралимпиадашылардың Лондондағы жарысқа дайындығы жақсы»
– Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында түрлі жарыстар ұйымдастырылды. 2011 жылы Шымкентте үшінші Қазақстан паралимпиада ойындары өтті. Бұл Лондондағы ойындарға дайындықтың бір кезеңі болды. Одан кейін Ыстықкөлде Лондонға баратын паралимпиадашылармен оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Демек, дайындық өз деңгейінде өтті. Агенттік спортшыларды түрлі халықаралық жарыстарға жіберді. Жалпы, жағдай жасалды, – деді Марат Қаскербеков.
Бірақ оның ойынша, «Лондондағы жарыста жүлде алуымыз қиын».
– Мүмкін, Винокуров сияқты жарқ етіп күтпеген жерден біреуі шығар. Соған үміттенеміз, – деді Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігінің паралимпиадашыларға жауапты қызметкері.
Суға жүзуден паралимпиадаға қатысатын Әнуар Ахметовтің жеке бапкері Владимир Загородный да шәкіртінің озып шығарына сенбейді.
– Біз жақында ғана Ыстықкөлде өткен оқу-жаттығу жиынынан келдік. Дайындық ойдағыдай. Мақсатымыз – алғашқы ондыққа ену. Паралимпиада ойындарына қатысудың өзі – жеңіс. Себебі Ахметов осындай ірі жарысқа алғаш рет қатысып отыр. Негізінен, жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз, – деді бапкер.
МЕМЛЕКЕТ КӨМЕГІ ЖӘНЕ «ҚАЛТАЛЫ АЗАМАТТАРҒА ТҮСІНДІРУ»
Бұрын Қазақстан спорт және туризм министрлігінде жұмыс жасаған, қазір басқа министрліктердің біріне ауысқан Аман есімді қызметкер (өтініші бойынша аты өзгертілді) паралимпиадашыларға жағдай жасалмай отырғанын айтты.
– Біз паралимпиада ойындарына бірнеше рет қатыстық. Бірақ жүлде жоқ. Неге? Себебі, паралимпиадашылар негізгі олимпиадашылардың көлеңкесінде қалып қояды. Олардың жарысқа дайындығына аз қаржы қарастырылады. Баратын жарыстарының да деңгейі төмен, – деді Аман.
Ол биыл Лондонға баратын паралимпиадашылардың Ыстықкөлде дайындалғанына да разы емес. Аманның ойынша, спортшыларды «Қытайға немесе Еуропаға жіберіп дайындасақ, жүлде әкеледі».
Аманның сөзіне қарағанда, «шетелде паралимпиадашыларды негізінен қалталы азаматтар қаржыландырады, дайындықтарына демеуші болады – соның арқасында Қытай, Франция, Ұлыбритания паралимпиадашылары мықты».
– Қазақстанның бизнесмен, кәсіпкерлері мұндай қадам жасауға асығар емес. Асығу былай тұрсын, олар паралимпиада дегеннің өзін жете түсінуі екіталай. Ал мемлекет өздері көмек бере алмаса, қалталы азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мүмкіндігі шектеулі жандарды да халықтық қаһарманға айналдыруға жұмыс жасау керек сияқты, – дейді ол.
ОЛИМПИАДАҒА – 250 МЫҢ ДОЛЛАР, ПАРАЛИМПИАДАҒА – 50 МЫҢ ДОЛЛАР
Қазақстан паралимпиада ойындарында алтын алған спортшыға – 50 мың, күміс медаль алған атлетке – 35 мың, қола алған спортшыға 25 мың, ал төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші орын алғандарға 14 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы бермек.
Әлеуметтік желілерде сыйақы мөлшеріне байланысты әртүрлі пікір айтылып жатыр. Мәселен, интернет қолданушы Құралай Құдайберген:
– Меніңше, елу мың долларды жеңгенге ғана емес, қатысқан әр паралимпиадашыға беру керек. Олардың жолдама алуының өзі – жеңіс, – дейді.
Блогер-журналист Ербол Азанбектің айтуынша, Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі спортшыларға қамқорлық өте аз.
– Мүгедектігіне қарамастан қаншама қиындықты жеңіп, паралимпиада ойындарының жеңімпазы болып жатса, үлкен құрмет көрсетілуі тиіс, – дейді блогер.
Қазақстан жуықта аяқталған Лондон олимпиадасының алтын медалін жеңіп алған спортшыға - 250 мың, күміс жүлде әкелген атлетке - 150, қола жүлдегерге 75 мың АҚШ доллар сыйақы беретінін айтқан.
XIV Жазғы паралимпиада ойындары 29 тамыз күні Лондонда басталады. 9 қыркүйекке дейін жалғасатын жарысқа 165 елден 4200-ден астам мүмкіндігі шектеулі спортшы қатыспақ. Олар спорттың 20 түрінен тігілген 502 медальға таласады.
Биылғы паралимпиадалық ойындарға Қазақстан атынан суда жүзушілер Әнуар Ахметов пен Зүльфия Ғабидуллина, жеңіл атлеттер Ислам Сәлімов, Айнұр Байдулдаева, Сергей Харламов, пауэрлифтинг бойынша Әбжан Айбек пен Кәбира Асқарова қатысады.

Мемлекет өзі көмек бере алмаса, қалталы азаматтарға түсіндіріп, мүмкіндігі шектеулі жандарды да халық қаһарманына айналдыру керек.