Accessibility links

Жазғы демалыс пен туристер қауіпсіздігі


Қырым жағасындағы құтқарушы құрал. (Көрнекі сурет)
Қырым жағасындағы құтқарушы құрал. (Көрнекі сурет)

Түркиядағы терактілер, Египеттегі тұрақсыздық қазақстандық туристердің жазғы демалысына қалай әсер етеді? AzattyqLIVE бұл тақырыпты туризм сарапшысы Жанна Короткова-Күлбаевамен талқылады.

Туристік маусым қызып тұр. Алайда қазақстандық туристер биыл өздерінің сүйікті "мекені" - Түркия мен Египетке жаппай ағылмайтын сияқты. Оған Түркиядағы терактілер, Египеттегі тұрақсыздық әсер етуі мүмкін.

Оның үстіне қазақстандықтардың туристік маршруттарды таңдауына экономика дағдарысы да әсер етеді. Ал туристік фирмалардың клиенттерін алдауы сияқты былтырғы оқиғалар да қазақстандықтарды демалыс жоспарын басқаша құруға итермелейді.

2016 жылы Қазақстан туристері қайда бармақ? Жазғы демалысты қайда арзан және қауіпсіз өткізуге болады? Қазақстандық туристерге саясат пен насихат қалай әсер етеді? Шетелге бармай елде жақсы демалуға жағдай жасалған ба? Осы және басқа сауалдарға туризм саласының сарапшысы Жанна Короткова-Күлбаева жауап берді.

XS
SM
MD
LG