Төлешов жер митингісіне орай айыпталды
Қазақстанда жер реформасына қатысты митингілерді шымкенттік бизнесмен, қамауда отырған Тоқтар Төлешовтің "қаржыландырғаны хабарланды". Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі Руслан Карасев мәлімдеді. Төлешовтен басқа бірнеше шенеуніктің аты аталады. Астана. 6 маусым, 2016 жыл.