Қазақстан не үшін қалыс қалды?
Желтоқсанның 17-сі күні БҰҰ Ресейдің Қырымдағы, Азов теңізіндегі әрекеттеріне қатысты қарар қабылдады. Қарарда "Ресей Украинаның тұтастығы мен егемендігіне қауіп төндіреді" деп жазылған. Құжатты Украина ұсынған. Қарарды 66 мемлекет қолдап, 19 ел қарсы болған. Тағы 72 мемлекет қалыс қалған. Қалыс қалған елдердің арасында Қазақстан да бар. Бұған дейін бірнеше рет Ресейді жақтап дауыс беріп келген Қазақстан бұл жолы неге үнсіз қалды? Депутаттар пікірі.
ПІКІРЛЕР