Қайғылы оқиға бейсенбі күні түс уақытында Абай және Гагарин көшелерінің қиылысында салынып жатқан «Алатау» станциясында болған. №2 құрылыс алаңының жұмысшыларының айтуынша, жас құрылысшы тоннелде жұмыс істеп жатқан сәтінде үлкен көлемдегі бетон құймасының астында қалған. Ол «жедел жәрдем» жеткенше, оқиға орнында жан тапсырған.
Құрылыс жұмысына жауапты компания басшылығы қайғылы оқиға тіркелген құрылыс алаңындағы жұмысты тоқтатып, метро салушыларды үйлеріне қайтарған. Құлыптаулы нысанды күзетуші қарауылдың айтуынша, басшылық оған мұнда бөгде кісіні кіргізбеуін және болған оқиға жөнінде ешкімге тіс жармауын мықтап тапсырыпты.
Алдын ала болжам бойынша, бетонның құлауы техникалық қауіпсіздіктің сақталмауынан болған деп хабарлады 31-ші телеарна. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің апаттан құтқару қызметінің бастығы Мұрат Жұматаев телеарнаға берген сұхбатында, оқиға нысанның ең қауіпті жерінде болғандығын атап көрсеткен. Оның айтуынша, аса берік емес ағаш тіреуіштері қойылған жерде тәжірибесіз жұмысшы тізерлеп отырып жұмыс істеген.
– Жұмысшы бұл жерге жақындамауы тиіс еді, – деді ол.
Бейсенбі күні кешкісін Алматы қаласы метрополитен құрылысының дирекциясы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында төтенше жағдайға байланысты жиналыс өтті. Азаттық тілшісі ғимаратқа жіберілмеді. Дирекциядағылар қайғылы оқиғаның себептері 10 жұмыс күні ішінде хабарланатындығын айтты.
Алматы метросының құрылысында бұған дейін де бірнеше рет өндірістік апаттар болып, адамдар қаза тапқан болатын. Мысалы, 2006 жылы ақпан айында «Алматыметроқұрылыс» компаниясының 22 жасар жұмысшысы Әли Сүлекбаевті метрополитен құрылысы нысанында «КамАЗ» көлігі қағып кетіп, метро салушы оқиға орнында қайтыс болды.
Ал, 2008 жылы мамырдың 20-ы күні «Алатау» станциясы салынып жатқан нысанда «Коммеск-Строй» компаниясының 47 жасар жұмысшысы 3 метрлік биіктіктен құлап, аурып жарақаттардың салдарынан ауруханада көз жұмды. Сондай-ақ, былтыр тамыздың 14-і күні дәл осы Алатау станциясында берік қойылмаған тіреулердің салдарынан нысанның бір бөлігі құлап түсіп, сондағы жұмысшылардың өміріне қауіп төндірді.
Сондай-ақ, 2008 жылы желтоқсанның 4-і күні «Метроқұрылыс» компаниясының Панфилов көшесіндегі құрылыс нысанында 20 жасар жұмысшы үйіндінің астында қалып, ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Алматы метрополитенінің құрылысы 1988 жылы күзде басталды. Қала тұрғындары оның ашылуын 1996 жылдан бері күтумен келеді. Алматы әкімшілігі метроның алғашқы бағытын 2010 жылы іске қосуды жоспарлап отыр.
Ал өткен айда Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Алматыметроқұрылыс» компаниясының бас директоры Мұрат Өкшебаев пен «Метрополитен дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарушы Ринат Әбуғалиевтерге қарсы үлкен көлемдегі ақшаны жеп қойған деген айппен қылмыстық іс қозғады.
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, сәуірдің 18-і күні «Время» газетіне берген сұхбатында, Өкшебаевтың үй қамауында, ал Әбуғалиевтың уақытша тергеу абақтысында отырғанын хабарлаған.
«Тергеу барысында қолды болған 120 миллион теңге шамасындағы қаржы толық қайтарылды. Олардың кінәсін сот анықтайды», - деді қала әкімі Есімов.