Қазанның 11-інен бастап «Шал» фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетіле бастады. Режиссер Тұрсынов «Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасының қазақстандық нұсқасын жасадым» дейді.
Kinostan.kz сайтының редакторы Ернар Бекенов «бұл - «мықты туынды, күшті түсірілген» деген бірер ауыз сөзбен бағалауды аздық ететін фильм» дейді.
«ШАЛ» - ҚАЗАҚ КИНОСЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚҰБЫЛЫС»
- Ермек Тұрсынов «Шал» арқылы шерін тарқатқандай, ұлттық құндылықтарды сақтауға шақырғандай болды. «Шал» - қазақ киносына келген жаңа құбылыс. Бұл - қазақ киносының жаңа тарауы. «Трилогияның алғашқы бөлімі - «Келін» - арғы тарихты, «Шал» - осы шақты, ал «Кенже» болашақты көрсетеді. Түптеп келгенде үшеуінің басын біріктіретін бір мақсат – тамырыңды ұмытпау. «Келіннің» заманында түркілердің өз Тәңірі бар еді. Қанша алыстасақ та «Келіннің» арқасында сол заманға саяхаттап қайттық. Ал «Шалдың» арқасында қазіргі өмірдің келеңсіз қырларын тани түстік. Қариялар мен тарихты «ескішілдік» деп бағалап, Батыс түсінігінің құлына айналған жастарды көрдік. Екі буын өкілдерінің арасындағы үйлеспеушілік пен өмір үшін күресті сәтті бере алған Тұрсыновтың шеберлігін атап өтпеу мүмкін емес, - деді Ернар Бекенов фильм туралы:.
«ШАЛ» ДА «КЕЛІННІҢ» КЕБІН КИДІ»
Ал журналист Өркен Кенжебек «фильм ұнамағанын» айтты.
- «Келін» фильмі Ермек Тұрсыновтың кез келген туындысынан қауіп күтуге дайындап қойды. "Шалды" да көргім келмеген... Бірақ "Своиктің өзі сынап, депутаттар жылап жатқан" соң көрдім. Өзім үшін Роберт Земекистің "Изгойының" қазақша нұсқасын елестеткем. Олай болмады...Себебі эмоциялық түйіндер дұрыс ашылмаған секілді. Мысалы фильмдегі шалдың адасуынан сондай бір драматургиялық күйзеліс таба алмадым - оның үш-төрт күн бойы қарны ашпай ма, азықты қайдан тапты? Бір көріністе қабырға мүжіп отырады. Келесі көріністе қасқырларға ызаланып "сендерге малымнан ештеңе бермеймін" дейді... Күн суық. Бірақ аяғы үсімейді. Аттылы, вертолетті іздеу тобына арық он қойымен, кәрі басымен жеткізбейді. Мистика дерсіз... Ұнаған жерлері де болды - музыкалық көркемделуі, операторлық пландар. Кейбір тұста шалды аяйсың, күлесің... Бірақ ең басты кемшілік - Тұрсынов тәңіршілдік идеясын тағы да фильміне тыққан. Түндегі жаралы аңшымен теологиялық талас, әулие ағашқа екі рет кезігу, отпен арқалану, қасқырды рухани тотем ретінде көрсету - айта берсе, көп. Осы ұнамады, - деді журналист.
Азамат есімді интернет қолданушы Фейсбуктағы парақшасына «Фильмнің соңында қасқырға қыста бөлтірік ертіп қоя беруі сауатсыздық, елдің білерін елемеу» деп жазды. Ал Сағыныш Назарова есімді көрермен фильмнің сюжеттік барысынан ештеңе ұға алмағанын жазған.
«АУЫЛҒА БІР КЕЛІП КЕТКЕНДЕ, ҮЙРЕТІП ЖІБЕРЕТІН ЕДІК»
Ал Түркістаннан келген 73 жастағы әкесін «Шал» фильмін көрсету үшін кинотеатрға апарған алматылық журналист Жадыра Нармаханова қой баққан Аймахан ақсақалдың пікірін қаз-қалпында баяндады.
- Шалың мықты екен, тура ауылдағы марқұм Шегебай көкең сияқты ғой. Сәрсенбай деген атаңды білмейтін шығарсың. Ол баяғыда мал бағып жүргенімізде, қолына шынжыр байлап, қасқырдың апанына қолын тыққан. Шынжырды тістеген қасқырдың жағы қарысып қалғанда, апанынан суырып алып, бауыздап жіберген. Негізі қасқыр деген - өте текті, тағы аң. 50 жыл қойшы болдық. Талай қасқырды көрдім. Бірақ ешқайсысы сен бірінші тиіспесең, саған бірінші болып тиіспейді. Өзінің апанына жақын маңдағы ауылдың малына шаппайды. Мына фильмде осының бәрін жақсы көрсеткен. Бірақ қыс түскенде қасқырды күшіктетіп қойыпты. Негізі қасқыр көктемде күшіктейді. Мамыр айында бөлтіріктерін ертіп алып, тағылыққа тәрбиелейді. Бұл аңның ақылдылығы - ерте көктемде туған қозыларды отардың арасынан ақырын иығына тірідей салып әкетеді, бөлтіріктеріне апарып, малға қалай шабуылдауды үйретеді. Мүмкін Қасым шал (фильмдегі бас кейіпкер) ауылда көп болмағасын, қасқырдың көктемде күшіктейтінін, қойдың жүнінің тұтанбай, үйітіліп қалатынын білмейтін шығар. Мен режиссеріңді білмеймін, білетінім - Қасым шал. Ауылға киноға түспес бұрын бір келгенде, бәрін үйретіп жіберетін едік қой. Сосын немересіне риза болдым - адал екен! Біздің немерелер сондай болар ма екен? Мына Қасым шал менімен түйдей құрдас екен ғой, екеуміз де 73-теміз. Киноның 150 теңгелік дискісі қашан шығады екен, немерелерге көрсететін, - деді фильмді көріп шыққан 73 жастағы Аймахан Нармаханов.
ӘРІПТЕСТЕР ПІКІРІ
Ал режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің айтуынша, фильм көрерменнің барлығына ұнауы шарт емес.
- Тірі адам, тірі тұлға жұрттың бәрін ұнай бермейді. Бәріне ұнай берсе қызығы да қалмайды. Ұнамаса, басқа киноға барсын. Көрермен өз ойындағысын таба алмаған соң, оған кино ұнамайды. Біз көп нәрсені аңғармаймыз, ал жанымызда байқалмай трагедия болып жатады. Ермек Тұрсынов режиссерлік шеберлігі жағынан өсіп келе жатыр, фильм - өте сәтті туынды. Реалистік жанрда түсірілген, - деді.
Болат Атабаев та фильм туралы пікірін «өте тамаша» деп жалғыз ауыз сөзбен қысқа қайырды.
«КЕМІНДЕ ҮШ РЕТ КӨРУ КЕРЕК»
Жақсылық Қазымұрат есімді студент «бұл фильм қазақы дүниетанымды көрсете білді» деп есептейді.
- Фильмді көріп отырып, өз әкем есіме түсті. Бір ғана қазақтың қарапайым шалының арманы мен ниетін үш күнге созылған арпалысы арқылы ашып көрсеткен. Қазақтың қанында, түп-негізінде болған, бірақ бүгін өшіп бара жатқан адами қасиеттер мен ұлттық түйсікті оята білген. «Таяқ тастам жерде шал неге адасып жүр?» деген пікірлерді естіп жатырмыз. Неге десең, ол шалды қара басқан. Бұл қазақы түсінікте бар дүние. Егер шынымен сізді қара басса, бір шырпының астында қалсаңыз да сізді ешкім іздеп таба алмайды. Киноны кемінде үш рет көру керек. Өзім қатарлы жастар бұл киноны қалай қабылдарын білмей жүр. Меніңше, жүрегімізге түскен күш үшінші рет көргенде санаңа барып орнығып, жарылыс жасайды. Сол кезде барып көзіңізден паралап жас ағады. Түкке татымайтын кемшіліктерді кәсіби тұрғыда Ермек білмей қалған жоқ. Әр деталінің астында жасырып қойған түйіншегі бар. Жастар көңіл көтеру үшін көретін кино емес, қаныңдағы бар дүниені оятатын қуаты бар, - деді ол.
«Шал» - Ермек Тұрсыновтың жеті жылға жоспарлаған үш фильмнен тұратын трилогиясының екінші бөлімі. Келесі жылдың ақпанында режиссер «Кенже» деп аталатын үшінші жобасын түсіре бастайды.
«Қазақфильм» киностудиясы өкілдерінің хабарлауынша, бюджеті шамамен бір жарым миллион АҚШ доллары болған "Шал" фильмі прокатқа қазақ және орыс тілдерінде шығарылды.
Ермек Тұрсыновтың айтуынша, «Шал» фильмін түсіру идеясы Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаевтікі.
(Мақаланы әзірлеуге Махамбет Мәмбетов қатысты)

«Таяқ тастам жерде шал неге адасып жүр?» деген пікірлерді естіп жатырмыз. Неге десең, ол шалды қара басқан. Бұл қазақы түсінікте бар дүние.