Accessibility links

Маргарита Өскембаеваның онлайн-конференциясы


«Қазақстанның тең құқық және тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қорының президенті Маргарита Өскембаева Азаттық сайтындағы онлайн-конференция кезінде. Алматы бюросы, 29 наурыз 2011 жыл.
«Қазақстанның тең құқық және тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қорының президенті Маргарита Өскембаева Азаттық сайтындағы онлайн-конференция кезінде. Алматы бюросы, 29 наурыз 2011 жыл.

Наурыздың 29-ы Азаттық радиосының сайтында «Қазақстанның тең құқық және тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қорының президенті Маргарита Өскембаеваның онлайн-конференциясы өтті.


Маргарита Өскембаева гендерлік теңдік және білім сапасы туралы мәселелерді зерттеумен шұғылданады. Қазір ол «Қазақстанның тең құқық және тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қорын басқарады.

Қазақстанда ерлер мен әйелдер құқығының теңдігі туралы мәселенің өзектілігі кезектен тыс президент сайлауы қарсаңында тағы да байқалып отыр. Бұл жолы президент сайлауына қатысуға үш әйел ниет білдірді. Бірақ әртүрлі себептерге байланысты олардың ешқайсысы президенттікке кандидат болып тіркелген жоқ.

Маргарита Өскембаевамен өткен онлайн-конференцияның тақырыбы - «Қазақстанда 20 жылда президенттікке әйел кандидаттың болмауының сыры неде?»

Азаттық радиосының редакциясы онлайн-конференцияға қатысқан Маргарита Өскембаева ханым мен сайт оқырмандарына алғыс білдіреді.


Маргарита Өскембаеваның онлайн-конференциясынан видео

Маргарита Өскембаевамен онлайн-конференция
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:25 0:00
XS
SM
MD
LG