Accessibility links

Қазақстан жоспары – екі алтын


Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин. Лондон, 4 тамыз 2012 жыл.
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин. Лондон, 4 тамыз 2012 жыл.

Алматыда қарашаның 8-і күні басталатын ауыр атлетикадан әлем чемпионатына 78 елден 683 спортшы қатысады. Қазақстан бұл жарысқа 19 атлетін қоспақ.

Алматыда қарашаның 8-і мен 16-сы аралығында өтетін ауыр атлетика жарысына Лондон олимпиадасында (2012 жыл) алтын алған Ом Юн Чхоль, Ким Ун Гук, Рим Чон Сим (үшеуі де – Солтүстік Кореядан), Адриан Зелинский (Польша) мен Бехдад Салимикордашиаби (Иран) сияқты танымал спортшылар да келеді.

Осыған дейін Эбола дертіне байланысты біраз жарыстарға спортшыларын жібере алмаған Нигерия IWF (Халықаралық ауыр атлетика федерациясы) тарапынан рұқсат алып, Алматыға 14 спортшы әкелмек. Ал Эбола дертінен көп адам қаза болған Сьерра-Леоне, Гвинея мен Либерияның спортшылары жарысқа қатыса алмайды.

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ

Чемпионатқа Қазақстаннан 19 спортшы қатысады. Олардың арасында Лондонда олимпиадасы чемпиондары Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза мен Зүлфия Чиншанло да бар. Бұл – Ильин, Подобедова мен Манезаның Лондон олимпиадасынан кейінгі алғашқы ірі жарыстары.

Зүлфия Чиншанло. Лондон, 29 шілде 2012 жыл.
Зүлфия Чиншанло. Лондон, 29 шілде 2012 жыл.

Ал Чиншанло Лондондағы жарыстан соң Инчхонда биыл өткен Азия ойындарына қатысып, тайпейлік Шу Чин Хсуден ұтылып, күміс медаль алған еді. Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Инчхоннан келген сәтте «Чиншанло Алматыдағы әлем чемпионатында Шу Чин Хсуден есесін қайтарады» деп мәлімдеген.

Алматыда өтетін жарысқа 2009 жылғы әлем чемпионы, 2013 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері Владимир Седов, биылғы Инчхондағы Азия ойындарының чемпионы Маргарита Елисеева, жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері Карина Горичева, Ибрагим Берсанов, Селимхан Аубакиров, Жазира Жаппарқұл, Ермек Өміртай, Альберт Линдер де қатысады.

Қазақстан құрамасының толық тізімі

Ерлер: Арли Чонтей (56 килограмм), Альберт Линдер (69 килограмм), Кирилл Павлов (77 килограмм), Ермек Өміртай (85 килограмм), Владимир Седов мен Рүстем Сыбай (94 килограмм), Илья Ильин мен Жасұлан Қыдырбаев (105 килограмм), Ибрагим Берсанов пен Селимхан Абубакаров (+105 килограмм).

Әйелдер: Маргарита Елисеева (48 килограмм), Зүльфия Чиншанло (53 килограмм), Сәуле Сәдуақасова (58 килограмм), Карина Горичева мен Майя Манеза (63 килограмм), Жәзира Жаппарқұл мен Гүлназ Наурызова (69 килограмм), Светлана Подобедова мен Анна Нұрмұхамбетова (75 килограмм).

Қазақстандық ауыр атлет Кирилл Павлов. Лондон, 1 тамыз 2012 жыл.
Қазақстандық ауыр атлет Кирилл Павлов. Лондон, 1 тамыз 2012 жыл.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы мен бапкерлер кеңесі бұл чемпионатта екі алтын медаль алу жоспарлары бар екенін мәлімдеді.

Алматыдағы әлем чемпионатында 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада ойындарына жолдама таратыла бастайды. Жарыс кезінде ең көп ұпай жинаған елдің олимпиадаға 10 жолдама (алты ер спортшы, төрт әйел атлет) алуға мүмкіндігі бар.

Чемпионат Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Билет бағасы – 500 бен 15 мың теңге аралығында.

XS
SM
MD
LG