Accessibility links

Қазақстан уранның бағасын өзгертуі мүмкін


Macquarie Group Ltd фирмасының сарапшылары Қазақстандағы уран өндірісінің ұлғаюы радиоактивті металдардың бағасын күрт төмендетуі мүмкін деп есептейді.

Қазақстанның әлемдік нарыққа уранды жеткізуден дүние жүзінде үшінші орында тұрғаны белгілі. Алайда шикізатты атомдық реакторлар үшін өндіру халықаралық нарықта бағаның төмендеуіне және өндіруші салалардағы жалпы дағдарысқа байланысты бағаның төмендеуіне алып келді.

«Қазақстан соңғы бес жылда уранды орасан көлеммен өндірудің қозғаушы тетігі болып отыр,- дейді Macquarie Group Ltd фирмасының сарапшысы Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында. – Біз уранның сатылу бағасына әлі де қысым бар дегенді нақтылап айтуды жалғастырып отырмыз ».

BHP Billiton Ltd., Rio Tinto Group и Cameco Corp сияқты ірі өндірушілерге берілген уранның әлемдік бағасының қосымша индексі, 2007 жылдың ортасынан бастап, баға өзінің шарықтау шегіне жеткенде, радиоактивті металдардың бағасы арзандайтынына куә бола алады. Өткен жылы, кем дегенде 1996 жылдан бастап, бағаның күрт төмендеуі байқалды, яғни, баға 40 пайызға төмендеді.

Macquarie Group Ltd сарапшыларының пікірінше, мұның басты себебі, Қазақстанда уран өндіру көлемінің тұрақты өсуіне байланысты. Осы жылы бұл ел 9700 тонна металл өндіруді немесе өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 14 пайызға артық өндіруді жоспарлап отыр. Соған қарамастан, сарапшылардың пікірінше, әлемдік нарықта уранға деген сұраныс 2 тоннаға артуы мүмкін.

Сонымен қатар Cameco корпорациясы ғаламдық қаржы дағдарысына және өнімге деген бағаның төмендеуіне байланысты өндіріс көлемі мен жаңа кен орындарын игеруге кететін шығынды да азайтып отыр.
XS
SM
MD
LG