Accessibility links

Ереуіл жалғасып жатқан кеніште өрт болды


"Өзенмұнайгаздағы" апат
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00

"Өзенмұнайгаздағы" апат ("Хабар - сізден" айдарына оқырманнан келген бейне материал)

Жаңаөзендегі кеніште шыққан өрттен бір адам қайтыс болып, екі адам жарақат алды. Кейбір жұмысшылар бұған компания басшылығын кінәлап отыр.


«ӨзенМұнайГаз» компаниясына қарасты «Жөндеу» кенішінде шілденің 30-ынан 31-іне қараған түні өрт шықты.

ӨРТ

Үш адамнан құралған бригада ұңғымаға жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде кенеттен от шығып, соның салдарынан үшеуі де күйіп қалған. Денесінің 80 пайызы күйген жүргізуші, 37 жастағы Доқтырбай Сәрсенбаев жексенбі күні ауруханада қайтыс болды.
Денесінің 80 пайызы күйген жүргізуші 37 жастағы Доқтырбай Сәрсенбаев жексенбі күні ауруханада қайтыс болды.

Жұмысшылардың айтуынша, қазір жергілікті аурухананың реанимация бөлімінде жатқан бұрғышы Алпысбай Отарбаевтың да жағдайы ауыр. Ал денесінің 40 пайызы күйген бұрғышы Сәттіғұл Қарамбетов травматология бөлімінде.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт пайдаланылған газды шығаратын құбырдың қызып кетуінен шыққан. Оны сөндіруге жарты сағатын жұмсаған мамандар өрттің төрт шаршы метр аумақты қамтығанын айтып отыр. Оған 10 адам, 2 техника қатысқан.

"БАСШЫЛАРДЫҢ САЛҒЫРТТЫҒЫ КІНӘЛІ"

Өрт шыққан «Жөндеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) - екі айдан бері ереуіл жалғасып жатқан Жаңаөзендегі мұнай компанияларының біріне тиесілі.

Ереуілге шыққан компания жұмысшылары өндірісте болған төтенше жағдайға компания басшылығының салғырттығы кінәлі деп есептейді.

- Ешкім жұмыс сапасын қадағаламайды. Оларға (компания басшылығына – Азаттық) тек адамдарды жұмысқа шығару керек. Кеше қайтыс болған бала күні бойы жұмыста болып, кешкісін тағы жұмыста қалған. Қасында адамдар бар, бәрі жабылып істеген. Сөйтіп екінші ауысымға да қалу керек болған, - дейді Дәулет Қосанов.
Ықылас Шәңгереев, "Жөндеу" ЖШС директоры. Жаңаөзен, тамыз айы, 2009 жыл

Оның айтуынша, компания басшылығы өз құқықтарын талап еткен жұмысшылардың талаптарына назар аударудың орнына әртүрлі амалдар арқылы оларды мәжбүрлеп, жұмысқа шығарып жатыр. Ауыр еңбекке жегіп, пайда тапқысы келеді. Соның салдарынан компанияда бар 27 бригаданың 8-9-ы ғана қазір жұмыс істеп жатыр. «Қалғаны – ереуілде» дейді ол.

Бұл турасында «Жөндеу» ЖШС директоры Ықылас Шәңгереевке хабарласқан кезде ол «қазір тергеу жүріп жатыр» деп, өрттің себебіне қатысты ештеңе айтқан жоқ. Ол сонымен бірге компания басшылығын кінәлаған жұмысшылардың да уәжі негізсіз екенін айтты.

«Өрттен зардап шеккен отбасыларға компания тарапынан көмек бола ма?» деген сұрағымызға ол «қолдан келген көмектің бәрін жасап жатырмыз» деп жауап берді.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG