ҰҚК қаңтардың 24-і күні таратқан хабарламада "Жаңаөзен қаласы прокурорының санкциясы бойынша Жаңаөзен оқиғасына қатысты белсенді Айжангүл Әміроваға қарсы қозғалған қылмыстық істің аясында Алматы қаласы мен облысының бірнеше тұрғындарының үйлері мен жұмыс орындарында қаңтардың 23-інде тінту және басқа да тергеу шаралары жасалды. Қазір тергеу жүріп жатыр" деп жазылған.
Осы ретте ҰҚК сайтында Айжангүл Әміроваға және басқа да тұлғаларға "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 164-бабының 3-бөлігіне (әлеуметтік, ұлттық, тектік, нәсілдік және діни алауыздықты қоздыру) қатысты қылмыстық іс қозғалып, басқа тұлғалардан іс үшін маңызды заттар мен құжаттар бар деп айтуға болатындай мәліметтер алынғаны" айтылады.
Қылмыстық кодексте бұл баптар бойынша 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Бірақ ҰҚК-нің таратқан мәліметтерінде нақты қандай адамдарға қатысты тінту және тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны ашып айтылмаған.
"Алға" партиясының белсендісі Кенже Әденов қаңтардың 23-і кешкісін Азаттық радиосына партия жетекшісі Владимир Козлов пен қоғамдық белсенді Серік Сапарғалидың және "Взгляд" газеті бас редакторы Игорь Винявскийдің үйлері мен аталған басылымның редакциясын тінтіп, өздерін жауап алуға әкеткенін айтқан болатын.
Қаңтардың 24-інде Кенже Әденов Владимир Козловқа "әлеуметтік жік туғызды" деген айып тағылғанын хабарлады. Серік Сапарғали, Игорь Винявский мен Владимир Козлов дүйсенбіден бері ҰҚК-нің Алматыдағы департаментінде тергеуде отыр дейді әріптестері.
Бұған дейін Азаттық радиосы ҰҚК Алматыдағы департаментіне «Алға» партиясының белсендісі Михаил Сизов, есепшісі Гүлжан Лепесова мен күзет бастығы Асқар Тоқмурзиннен жауап алғаннан кейін оларды босатқанын, театр режиссері Болат Атабаев пен қоғамдық белсенді Жанболат Мамай да ҰҚК-ге шақырылғанын хабарлаған.