Жаңаөзен оқиғасына қатысты сот басталды
Сотқа тартылғандарға 2011 жылғы желтоқсан айында Жаңаөзен қаласында болған қанды оқиғалар кезінде тәртіпсіздік тудырды деген айып тағылған. Айыпталушылардың бірі сот залына келмей қалғандықтан судья процес бастала салысымен үзіліс жариялады. Бұған сотқа қатысушылар қатты наразылық танытты. Ашық өтіп жатқан сотқа кірмек болған жүздеген адамға орын жетпей сыртта қалды. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл Reuters агенттігінің видеосы