«Қызметтік өкілетін асыра пайдаланды және «Жанашыр» халықты әлеуметтік қорғау қорының қаржысын жымқырды» деп айыпталған Жалғас Бабахановтың соты Жаңаөзен қаласында өтіп жатыр.
Шілденің 6-сы басталған, «ашық процесс» деп аталған сотқа ақпарат құралдары өкілдері тек бейсенбі, шілденің 12-сі күні ғана кіре алды.
- Бірқатар журналистер сотқа қатысқысы келгенімен, оларды кіргізбепті. Содан кейін біздің комитетке шағым айтып, кеше Жаңаөзен қалалық сотына бардық. Біз барғаннан кейін, сот өкілдерімен сөйлескеннен соң журналистерді кіргізді, - деді «Жаңаөзен-2011» халықаралық комитетінің өкілі Ерлан Қалиев.
Оның айтуынша, қазір сотта куәгерлер сұралып жатыр.
- "Егер судья жұма күні келсе, қалған куәгерлерді сұраймыз. Келмесе, таңертеңнен бастап қылмыстық істі зерттеуге кірісеміз" деп айтқан, - деді Ерлан Қалиев.
Сотқа қатысып отырған алматылық журналистердің айтуынша, бұл соттағы судья - Бауыржан Елемесов.
Сотқа Бабахановтың бір адвокаты, тағы бір қоғамдық қорғаушысы қатысқан. Журналистердің айтуынша, адвокаттары да, туыстары да журналистерге сұхбат беруден бас тартқан.
Бұл іс жайлы ресми орындардан да ақпарат ала алмадық.
Әзірге Бабахановқа қандай баптар бойынша айып тағылып отырғаны туралы нақты ақпарат жоқ.
Мамыр айында қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай:
- «Қызметтік өкілетін асыра пайдаланды» және «Жанашыр» халықты әлеуметтік қорғау және қолдау қорының қаржысын жымқырды» деп айыпталған Жалғас Бабахановқа қатысты тергеу аяқталды, - деп мәлімдеген еді.
Бұған дейін Жаңаөзен оқиғасына байланысты сот процестерінің барлығы да Ақтауда өткен. Бірақ Бабахановтың сотының Жаңаөзенде өтуінің себебі белгісіз.
«МАҚСАТҚА САЙ ЖҰМСАЛМАҒАН ҚАРЖЫ»
Жалғас Бабаханов – Жаңаөзен қаласын 1999-2009 жылдар аралығында, Орақ Сарбөпеевке дейін басқарған әкім.
2012 жылы қаңтар айында Жаңаөзен оқиғасына қатысты арнайы мәлімдеме жасаған бас прокурор Асхат Дауылбаев:
- Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Жалғас Бабаханов пен қазіргі әкімі Орақ Сарбөпеев бірнеше жыл бойы «Жанашыр» және «Жарылқау» қорлары арқылы мемлекеттік мүлікті жымқырумен айналысқан. Жаппай тәртіпсіздіктерге ұласқан мұнайшылардың ұзақ ереуіліне және әлеуметтік шиеленістің үдеуіне жергілікті атқарушы органдар мен мұнай кәсіпорындарының лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттері ықпал етті, - деп мәлімдеген еді.
Ақпарат агенттіктері 2012 жылы қаңтар айында Бабахановтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды деп хабарлаған.
Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың айтуынша, тергеуде 2005 жылдан бастап «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» компаниясы мен Жаңаөзен әкімдігі және әкімдіктің уәкілетті органы - «Жанашыр» қоры демеушілік көмек көрсету туралы жыл сайын келісім-шарт жасасып отырғаны анықталған. Осы келісім-шарт негізінде «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» компаниясы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөліп келген.
Келісім-шартқа сәйкес, бөлінген қаражаттар жөндеу жұмыстары мен инженерлік желінің дамуына, жағдайы төмен отбасылар мен мүгедектерге, зейнеткерлерге, соғыс ардагерлеріне, туберкулез сырқатына шалдыққандар мен өзге де көмекке зәру адамдарға, сонымен бірге құқық қорғау органдарын техникалық жағынан қамтамасыз етуге жұмсалуы тиіс болған.
- Алайда Бабахановтың тікелей нұсқауымен қаражаттың бір бөлігі мақсатқа сай жұмсалмаған, - деді Мұрат Жұманбай.
Қаржы полициясының мәліметі бойынша, Бабаханов қызметтік өкілетін асыра пайдаланып, жеке кәсіпкердің сауда орнын жөндеу (демонтаж) кезінде кеткен шығынын өтеу үшін «Жанашыр» қоры есебінен төрт миллион теңге бөлуге нұсқау берген. Экс-әкімге, мұнымен бірге, құны алты миллион теңге тұратын пәтерді жағдайы нашар азаматтар қатарына кірмейтін, Жаңаөзен қалалық әкімшілігінің қызметкері үшін жалдаған деген айып тағылып отыр.
Бұдан бөлек, алдын ала тергеу мәліметтері бойынша, Бабаханов «Жанашыр» қорына «құқық қорғау органдарын техникалық қамтамасыз ету» үшін 2,6 миллион теңгеге көлік және 4,1 миллион теңгеге пәтер алу жөнінде, сонымен қатар «ұсақ-түйек шығындар» бабы бойынша 9,3 миллион теңгеге екі жеңіл көлік алу туралы заңсыз нұсқау берген.
БАБАХАНОВТАН КЕЙІН ЖАҢАӨЗЕН ӘКІМІ БОЛҒАН САРБӨПЕЕВ АҚТАЛЫП ШЫҚТЫ
Бұған дейін Ақтауда Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевке қатысты сот процестері өтіп, Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оны ақтап, сот залынан босатқан.
Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевке қатысты алғашқы сот процесінде прокурор үш бап бойынша айыпталған бұрынғы әкімді 13 жылға жазалауды сұраған.
Арада біраз үзілістен кейін, жаңа судья және жаңа алқа билер құрамымен қайта басталған сот оны ақтап шығарды. Маңғыстау облыстық соты «Сарбөпеевтің ісінен қылмыс таппай, кінәсіз деп таныды».
Сарбөпеевке үш бап бойынша айып тағылған еді: «пара алды» (қылмыстық кодекстің 311-бабы), «қызметтік өкілетін асыра пайдаланды» (307-бап) және «қылмысқа дайындалды және қылмыс жасауға оқталды» (24-бап).
Алғашқы сотта үшінші айыптың («қылмысқа дайындалды және қылмыс жасауға оқталды») дәлелденбеуіне байланысты 24-бап істен алынып тасталған.
Бұған дейін Жаңаөзендік 37 айыпталушының үкімі 4 маусымда шықты: 3 адам толық ақталды, 5 азамат рақымшылыққа ілінді, 16 сотталушы шартты жазаға кесілді, 13 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.