Негізінен «Жаңаөзендегі тәртіпсіздікті ұйымдастырды», «тәртіпсіздікке қатысты» деп айыпталып отырған айыпталушылардың барлығы дерлік бүгінгі жарыссөзде өздерінің кінәсіз екендерін айтқан.
– Тек айыпталушы Нарын Жарылғасынов «Алаңда тұрған автобустың терезесін шаққанымды мойындаймын. Бірақ онда да олар үркітіп атып жатқаннан кейін қызбалыққа беріліп шақтым. Бірақ басқа жазығым жоқ» деді. Қалғандары кінәлары жоғын айтты, - дейді «Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиев.
Сотқа қатысып отырған блогшы Дина Байділдаева Twitter-парағында айыпталушылардың сөзінен үзінді келтіреді. Оның жазуынша, сотта Нарын Жарылғасынов «Бұл жерде отырғандардың бәрінің бар «кінәсі» – жақсы өмір сүру болды. Соттың имандылығына үміттенемін» деген; айыпталушы Қосбармақов «Мен – отбасымның жалғыз асыраушысымын. Құрметті сот, осыны ескерерсіз деген үміттемін» дейді.
АДВОКАТТАРДЫҢ УӘЖІ
Ерлан Қалиевтің айтуынша, бүгін түске дейін айыпталушылардан соң екі адвокат сөйлеген. Адвокаттар Арман Жәменов пен Ережеп Төлеуқұлов «айыпталушыларды тергеу кезінде өрескел заңсыздықтар болғанын, өздері қорғап отырған азаматтардың кінәсі сот барысында дәлелденбегенін» айтқан.
Соттан тікелей репортаж жасап жатқан блогшылардың Twitter-дегі жазбаларына сүйенсек, адвокат Арман Жәменов жарыссөзде «прокурорлар айыпталушылардың айыбын дәлелдейтін ешқандай дәлел-дәйек көрсете алмағанын, олардың айыбы тек болжам мен жорамалдарға негізделгенін» айтқан.
Блогшы Дина Байділдаеваның жазуынша, адвокат Жәменов: «Сотта жалған куәгерлер болды, оларды жалған куәлік бергені үшін жауапқа тарта алмайсың... Айып айыпталушылардың, куәгерлер мен жәбірленушілердің жауаптарына ғана негізделмеуі тиіс, заттай айғақтар болуы керек» деген.
«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиев түсірген видеода адвокат Ережеп Төлеуқұлов та өзі қорғап отырған азаматтарға тағылған айыптың дәлелденбегенін айтады.
– Қазақстан республикасы қылмыстық істер жүргізу кодексінің 115, 117-бабына сай, қазіргі кезде менің қорғауымдағы азаматтарлың кінәлары дәлелденбеген. Алайда қылмыстық ізге түсу орындары олардың кінәларының дәлелденбегіне қарамастан екі ауыр баппен айып таққан. Яғни «жаппай тәртіпсіздік» және «өкімет өкіліне қарсы күш қолдану» бабы бойынша. Яғни қылмыстық кодекстің 241-бабының 1 және 2-бөліктері, 321-баптың 2-бөлігі. Алайда аталған баптар бойынша тағылған айыптар ешқандай дәлелін таппаған, – дейді адвокат Ережеп Төлеуқұлов.
Адвокат Ережеп Төлеуқұловтың пікірі:
Ерлан Қалиевтің айтуынша, адвокат Ережеп Төлеуқұлов жарыссөзде «Прокурорлардың міндеті – алдын-ала тергеу кезінде айыпталушылардың құқықтарының сақталуын қадағалау болатын. Алайда сот барысында олардың бірде-біреуі бұл міндетті орындамағаны белгілі болды. Сондықтан оларға қатысты жеке қаулы шығаруды сұраймын» деп сотқа өтініш берген.
Twitter-дегі ақпараттарға сүйенсек, түстен кейін де адвокаттар жарыссөзге шыққан. Адвокат Гүлнар Жуаспаева өзі қорғап отырған азамат Мақсат Досмағамбетовтың қысымға ұшырауы туралы мәлімдемесін прокуратураның қараусыз қалдырғанын айтады. Адвокат сөз арасында «желтоқсанның 16-сы күні оқ тиген азаматтар кейіннен «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды» деп айыпталып отырғанын» сөз еткен.
ПРОКУРОРЛАР ТАЛАБЫ: АЗЫ – ЕКІ ЖЫЛ, КӨБІ – ТОҒЫЗ ЖЫЛ
Өткен жұма күні жарыссөз басталған кезде сөз алған прокурорлар айыпталушыларды «әртүрлі қылмыс жасады, ең әуелі соңы күрделі оқиғаға соқтырған жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды» деп, әрқайсысына жеке-жеке тоқталып шыққан.
Прокурорлар айыпталушыларды бас бостандығынан айыру жазасына кесуді өтініп:
Талғат Сақтағанов, Шабдал Өткелов, Мақсат Досмағамбетовтерге – 9 жыл;
Таңатар Қалиев, Роза Төлетаева, Серік Ақжігітов, Қанат Жүсіпбаевтарға – 8 жыл;
Нарын Жарылғасынов, Ертай Ермұханов, Ислам Шамилов, Мұрат Қосбармақов, Әнуарбек Тәженов, Бауыржан Телегенов, Жанайдар Өткеловтерге – 7 жыл;
Нұрлан Асқарұлы, Мұратбай Жұмағалиев, Бауыржан Лепесов, Жігер Аманжолов, Парахат Дүйсенбаев, Жаңбыр Ерғазев, Расул Мұхамедов, Жеңіс Бапилов, Самат Қойшыбаев, Саламат Ысқақов, Сейсен Аспентаев, Мелс Сарыбаев, Марат Аминов, Жарас Бесмағамбетовтерге – 6 жыл;
Қайрат Еділов, Қайрат Койшыбаев (қосымша бір жыл шартты жаза), Айжан Дүйсенбаеваға (қосымша екі жыл шартты жаза) – 5 жыл;
Нұрсұлтан Мұқашев (қосымша бір жыл шартты жаза), Есенгелді Әбдірахманов, Жанат Мұрынбаев, Әділ Шамов, Айбек Мұңайтпасовтарға – 3 жыл;
Карл Бекжановқа 2 жыл жаза сұраған.
Жаңаөзен оқиғасына байланысты наурыздың 27-сі күні басталған сот отырыстары Ақтау қаласындағы «Арман» орталығында өтіп жатыр.
Сотқа 37 айыпталушы, 100-ден аса жәбірленуші, 45 куәгер, 6 мемлекеттік айыптаушы және он шақты адвокат қатысып отыр.