Аштық жариялаушылардың бірі Дәмеш Сарғұлова наразылық білдірушілердің жағдайлары күннен-күнге нашарлап бара жатқанын хабарлайды.
– Шынымызды айтсақ, қазір сөйлесетін де әліміз жоқ. Қыздардың қан қысымдары төмендеп, бүйректері ауырып, денсаулықтары сыр бере бастады. Жедел жәрдем өкілдері күніне екі рет келіп тексеріп кетеді. Бірақ бізге биліктен жағдайымызды сұрап ешкім келген жоқ, тек учаскелік полиция кіріп кетіп жүр, – деп мәлімдеді ол.
АШТЫҚ ЖАРИЯЛАУШЫ НӘР ТАТПАЙТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ
Дәмеш Сарғұлованың айтуынша, кеше кешке келген жедел жәрдем дәрігерлері Тамара Ерғазиеваны жедел түрде ауруханаға алып кеткен. Қазір қалған бес әйел ашығуды ары қарай жалғастырып жатыр. Азаттық тілшісіне ауруханаға түскен Тамара Ерғазиеваға хабарласқан еді.
– Уайымнан жүйкем жұқарған тәрізді. Аяқ асты аяқ-қолым тартылып, жұмыс істемей қалды. Жедел жәрдем дәрігерлері келіп укол салған соң жағдайым сәл жақсарды, – дейді Тамара Ерғазиеваның өзі.
Жедел жәрдем дәрігерлері оны үйде қалдырып кетуді қауіпті деп санап, Жаңаөзен қаласындағы № 3 ықшам аудандағы жүйке жүйелері ауруханасына
Тамара Ерғазиева өзіне «истерия» деген диагноздың қойылғанын айтты
Бірнеше сағаттан соң Азаттық тілшісіне қайта хабарласқан Тамара Ерғазиева өзіне «истерия» деген диагноздың қойылғанын айтты.
– Емдеуші дәрігерім Владимир Морозов аштығымызды тоқтатқанда ғана ем тағайындайтынын айтты. Бірақ мен тоқтатпаймын, керісінше бүгіннен бастап құрғақ аштыққа кірістім, – деп мәлімдеді ол.
АШТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАН ӘЙЕЛДЕРГЕ ТУЫСТАРЫ ДА ҚОСЫЛМАҚ
Аштық жариялаған Дәмеш Сарғұлованың сөзіне сүйенсек, олардың туған-туыстары қалалық әкімдіктің табанын тоздырумен әуре болып жүрген көрінеді.
– Біздің жағдайымызға алаңдаған күйеуіміз, туыстарымыз мәселені шешуді сұрап, күнде қала әкімшілігіне барып жүр. Бірақ ешкім қабылдамай отыр. Мына аязда олар таңертеңнен кешке дейін бала-шағамызды шұбыртып әкімшілік алдында жүр, – дейді ол.
Азаттық тілшісі Дәмеш Сарғұлованың жұбайы Серік Қажихановқа телефон шалған еді. Ол сол сәтте де әкімдіктің алдында, әкімге жолыға алмай жүргенін айтты.
– Тағы бір аштық жариялаған келіншек – Мардыжан Ақбасованың жағдайы да нашарлап жатқанын естідік. Оның анасы үш баласымен осы жерде жүр. Оны да әкімнің өзі емес, көмекшісі қабылдап, қызының әрекетінің заңсыз екенін ғана айтты, – дейді Серік Қажиханов.
Серік Қажиханов бүгін Жаңаөзенге Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың келгенін естіп, сөйлесуге талпынғанымен, күзеттен өте алмағанын айтады.
– Біздің келіншектеріміздің жағдайлары нашарлап барады. Егер бүгін нәтиже шықпаса, олардың орынына біз – ер адамдар, басқа тума-туыстары аштыққа
Мен де белімді буамын, одан да аштан өлгенім артық
«АШТЫҚ – ТЕК ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА БОЛҒАН ЖАЙЛАР ҒАНА»
Қала әкімі Орақ Сарыбөпеевке хабарласып едік, ол кісінің жауабы қысқа болды.
– Сіз заңды білетін болсаңыз, аштық деп қоғамдық жерлерде болған жайлар ғана есептеледі. Олардың «үйде аштық жариялап жатырмын» деуі заңсыз. Ал заңсыз әркеттермен айналысу – құқық қорғау орындарының жұмысы, – деп жауап берді әкім.
«Егер олар орындарын ауыстырып, әлдебір қоғамдық орынға барып жатса – сіз барар ма едіңіз?» деген Азаттық тілшісінің сауалына қала әкімі жауап
Егер олар орындарын ауыстырып, әлдебір қоғамдық орынға барып жатса – сіз барар ма едіңіз?
Естеріңізге сала кетейік, Жаңаөзенде қаңтардың 20-сы күні алты әйел өңірдегі жұмыссыздық пен баспана мәселесін көлденең тартып, аштық жариялаған еді. Оларға Жаңаөзен қалалық прокуратурасы заңдық түсініктеме беріп, бұл әрекеттерінің заңсыз екендігін ескерткен болатын. «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы алдына барып аштық жарияламақ болған әйелдерге «бұл жеке меншік мекеме» деп рұқсат етпей қойған. Олар содан кейін аштық жариялаушылардың бірі Гүләйім Топаеваның несиеге алған пәтерінде аштық акциясын бастаған.