Қарағандының орталығындағы Дарын мектебінің 11 сынып оқушысы Забира Омарова құпия ақпаратты қалай жеткізудің сырын әбден зерттеп, терең меңгерген. Ол қазақ кирилл әліпбиінің негізінде шифрлау әдісін ойлап тапқан. Әдістің сыры қарапайым, оны зейін қойып, зерделеген кез келген адам бірден игеріп алуына болады, сөйтіп қажет кезінде құпия тілмен хат жазысу қиын емес дейді Зәбира.
Полибия квадраты мен Виженер кестесі арқылы әріптер өзара қиылысатын 6 және 7 баған бойына орналастырылып, қиылысқан нүктесіндегі 2 сан алынады. Яғни бір әріп 2 санмен шифрланады. Осылайша кез-келген ақпаратты жасыруға болады. Ақпарат алмасушылар бұл тәсілді меңгерсе жеткілікті.
"Осы әдіс арқылы хат жазысуға болады. Арнайы қызметтер,мысалы Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз жұмысына қолдана алады, шифрлау әдісін құрбыларым да үйреніп алды. Оқушылар оны СМС хат жазуда қолданып жүр",-дейді Забира Омарова.
Тарихқа жүгінсек, мұндай тәсілді ежелгі жауынгерлер кеңінен қолданған.Мәселен, гректер Александр Македонский жорығының кезінде тұтқиылдан шабуыл жасайтын орындарын бір-біріне дәл осы жолмен білдіріп отырған. Бірақ қазақ әлібиіндегі 42 әріпті шифрлау әдісін әлемде бірінші болып қарағандылық оқушының ашуы әрине, үлкен жаңалық.
"Жұмыстың ғылыми құндылығы жоғары. Қазақ тілі өркендеп келе жатқан тұста неге қазақ әліпбиі арқылы шифрлау әдісін ойлап таппасқа деп шәкіртіміз екеуміз осындай шешімге келдік. Алғашқы нәтиже жаман алдамаған сияқты,- дейді ғылыми жоба жетекшісі Сәулебек Мақашев.
Қарағандылық тағы бір жас дарын "Дарын" мектебінің оқушысы Дарын Тельман спутниктік байланыстың корпоративті торын құру жобасын жасап шығуға екі жыл уақыт жұмсаған. Корпоративті тор «ҚазСат» ұлттық спутнигі арқылы жұмыс істейді. Әрі ғарыш саласындағы ұйымдардың интернет қызметіне кететін шығынын 2 есеге дейін үнемдейді. Мұның сыртында ақпаратты өте жедел жеткізе алады.
Ал ең бастысы, тордағы қорғаныс коды өте мықты ойластырылған, ол өзгелердің ішкі жүйеге еніп кетуіне жол бермейді. Жоба құны 10 млн теңге. Бірақ іске қосылса, жоба 3 жылдан кейін нақты жемісін береді дейді өнертапқыш оқушы.
Дарынның жобасын Қазақстандағы ғарыштық саланың ұйымдары мен өкілдері жоғары бағалап үлгеріпті.
"Үлкен ғалымдар да біздің жобаларымызбен танысты. Олар өздерінің оң бағасын беріп, ақыл-кеңес айтты",- дейді Қарағанды облыстық дарынды балаларға арналған «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Дарын Тельман.
Сөйтіп қазыналы өңірдің екі оқушысы Зәбира Омарова мен Дарын Тельман ізденгіш, өнертапқыш қабілеттері арқасында ұлттық ғылымға өзіндік үлсе қосумен қатар, жоғарғы оқу ордасына түсіп, білім алу гранттарына ие болды. Бұл гранттар оларға жақында өткен Республикалық оқушылар бәйгесінде берілді.