Атамбаев: Енді революция болмайды
Ресей президенті Владимир Путинмен бірге өткізген баспасөз мәслихатында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев "елде үшінші революция болмайды" деп мәлімдеді. Путиннің Қырғызстанға сапары бұл елдегі оппозициялық депутат Омурбек Текебаевтың қамалуына байланысты өтіп жатқан шерулермен тұспа-тұс келді. Текебаевқа «алаяқтық» және «жемқорлық» баптары бойынша айып тағылған.