Accessibility links

Орталық Азиядағы өз еркімен кеткен алғашқы президент


Роза Отунбаева президенттігінің соңғы күні гүл алып тұр. Бішкек, 30 қараша 2011 жыл.
Роза Отунбаева президенттігінің соңғы күні гүл алып тұр. Бішкек, 30 қараша 2011 жыл.

Роза Отунбаева – Орталық Азиядағы алғашқы әйел президент, оған қоса осы өңірдегі ешкім мәжбүрлемей-ақ биліктен бас тартқан тұңғыш президент. Ол постпрезиденттік артықшылықтарды шектейтін заң қабылданбай тұрып қызметінен кетті.


Роза Отунбаева Қырғызстанға 2010 жылы көктемде басшылық ете бастады. Одан бұрынғы президент Құрманбек Бакиев үкіметке қарсы наразылықтан кейін Минскіге қашып кеткен еді. Бұдан бұрын, 2005 жылы Қырғызстанның алғашқы президенті Асқар Ақаев та Қызғалдақтар төңкерісінің қызған шағында Мәскеуге қашып құтылған.

ЖИЫРМА АЙ ОТЫРҒАН ӨТПЕЛІ ПРЕЗИДЕНТ

Бакиевке қарсы төңкерістің лидері Роза Отунбаева екі президентті тақтан тайдырған елді басқару тізгінін қолға алды. Алда тағы бір сынақ тұрған: 2010 жылы маусымда Қырғызстанның оңтүстігінде өзбектер мен қырғыздар арасында қанды қақтығыс шығып, 400-ден астам адам мерт болды, мыңдаған адам үйсіз-күйсіз қалды.

Отунбаеваның билігі шектеулі болатын. Бірақ оның алдында тұрған бір міндет – елдегі ахуалды тұрақтандыру, халықтың бұдан да зор жікке бөлінуіне жол бермеу еді. Роза Отунбаеваның президент болу мерзімі алдын-ала ескертілген. Осылайша Қырғызстанда билікті бейбіт те адал жолмен тапсыру дәстүрлерінің негізін салмақ болды.

2011 жылы 1 желтоқсанда Қырғызстан президентінің өкілеті президент
Қырғызстанның бұрынғы президенті Роза Отунбаева жаңа президент Алмазбек Атамбаевтың инаугурациясында. Бішкек, 1 желтоқсан 2011 жыл.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Роза Отунбаева жаңа президент Алмазбек Атамбаевтың инаугурациясында. Бішкек, 1 желтоқсан 2011 жыл.
сайлауында жеңіп шыққан Алмазбек Атамбаевқа тапсырылды. Роза Отунбаева билікке жармаспай, өз міндетінен жаңа президентке өткізіп берді.

– Роза Отунбаева соңғы күндері хаттарға жауап беріп, құжаттарға қол қойып, қағаздарын жинастырып, кешке дейін жұмыс жасап отырды. Қазір үстелі тап-таза, – дейді оның баспасөз хатшысы Сұлтан Қаназаров.

Хатшының сөзіне қарағанда, Роза Отунбаеваға алғыс айтып, қолын алуға көп адам келді. Біраз жұрт оны биліктен тағы көруге ынталы екендерін айтып жатты дейді баспасөз хатшысы.

Роза Отунбаева президенттігінің соңғы айларында раушан гүліне көміліп, арагідік медаль да алды. Оны 2012 жылы Нобель сыйлығына ұсыну да сөз болды.

Бірақ өзбек пен қырғыз арасындағы 2010 жылғы қақтығыс кезіндегі Отунбаеваның дәрменсіздігі де ұмытылған жоқ. Қырғызстанның оңтүстігінде болған қантөгістің алдын алудағы әрекетсіздігі мен қауқарсыздығы үшін Роза Отунбаева бастаған үкімет сынға ұшырады. Ол аз болғандай, Роза Отунбаева халықаралық комиссияның баяндамасын мойындамай, көптеген жақтастарын тіксіндіріп тастады. Бұл баяндамада Ош оқиғалары кезіндегі бейберекет істің көбіне президент әкімшілігі жауапты екені жазылған.

ВЕЛОСИПЕД ПЕ, ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК ПЕ?

61 жастағы Роза Отунбаева президент лауазымынан босаған кезде Қырғызстан парламентінде бұрынғы президентінің мәртебесі туралы заң жобасы қарап жатты. Бұл жобада Қырғызстанның экс-президентіне арналған артықшылықтар, тіпті қызметтік көлік туралы да айтылған. Роза Отунбаеваның өзі бұл жөнінде үзілді-кесілді пікір айтпай отыр.

Ол президент ретіндегі соңғы рет өткізген баспасөз-конференциясында ешқашан көлік жүргізіп көрмегенін айтты.

– Егер олар маған беріп жатса, алғысымды айтамын. Кейбір депутаттар қарсы. Бірақ бұл да жөн. Мен Данияның премьер-министрі сияқты жаяу
Оқушылар Роза Отунбаеваның кабинетін тамашалап жүр. Бішкек, 29 қараша 2011 жыл.
Оқушылар Роза Отунбаеваның кабинетін тамашалап жүр. Бішкек, 29 қараша 2011 жыл.
не велосипедпен жүре аламын, – деді Роза Отунбаева. Жұрт ду қол шапалақтады.

Роза Отунбаева президент лауазымынан өз еркімен, экс-президент мәртебесі жайлы жаңа заң жобасы қабылданбай тұрып кетіп бара жатқандықтан алғашқы президент Асқар Ақаевтың тұсында заңнамада негізі қаланған жеңілдіктерге сүйене алады.

– Ол айына 30 мың сом (700 доллар АҚШ доллары) президенттік айлығының 75 пайызын алып отырады, – дейді президенттің Қырғызстан парламентіндегі арнайы өкілі Данияр Нарымбаев.

Роза Отунбаева Бішкекке жақын Ала Арчадағы ресми резиденциясында қала беруіне болады. Онда қазіргі президент әрі парламент спикерімен көршілес тұрмақ. Оған оққағар да берілуге тиіс.

Былтыры парламенттік басқару тәртібіне көшкен Қырғызстанның экс-президент туралы ескі заңында жазылған бұл шарттардың бәрі сақталып қала ма, шектеле ме, әлде жаңа құқықтар мен міндеттер қосыла ма – ол «Президент туралы» заң жобасын парламент қабылданған соң мәлім болады.

АРТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖОҚ АҒАЙЫНДАР

Заңға жаңа түзетулер енгізуді ұсынған «Ата Мекен» партиясының басшысы Өмірбек Текебаевтың айтуынша, ол түзетулер бұрынғы нұсқадан қатты ерекшеленіп тұрған жоқ. Оның сөзіне қарағанда, арнайы артықшылықтардың біразы ендігәрі бұрынғы президенттің отбасы мүшелеріне қатысты болмайды. Тығыз отбасылық және кландық қарым-қатынастарды артық көрген бұрынғы президенттер Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиев үшін мұның маңызы зор болатын. Олардың жақын туыстары үкімет пен парламентте жетекші лауазымдарды иемденген.

Олармен салыстырғанда Роза Отунбаева – беделі кіршіксіз саясаткер. Күйеуінен ажырасқан Роза Отунбаева Бішкекте қарт шешесімен бірге тұрады. Лондонда тұратын қызы Қарачач биыл 11 қарашада босанды. Отунбаеваның ұлы Атай Бішкекте тұрады, қайырымдылық шараларына араласады. Роза Отунбаева оған кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салған дейді.

Отунбаеваның Мәскеуде және Бішкекте пәтерлері бар, бірақ оны бай деп айтуға келмес. Отунбаева - өзінің әл-ауқатын жақсарту үшін қызмет бабын пайдаланбайтын саясаткер деген атқа ие болған адам.

Оның баспасөз хатшысы Сұлтан Қаназаровтың айтуынша, Роза
Роза Отунбаева жолаушылар ұшағында.
Роза Отунбаева жолаушылар ұшағында.
Отунбаева арнайы ұшаққа сирек мінген. Ол кәдімгі коммерциялық авиарейстермен ұшып, жолаушылармен сөйлесіп, Қырғызстандағы жағдай туралы пікірлерін біліп отыратын.

Сөйте тұра Отунбаеваның және қызметтен өз еркімен кететін болашақ экс-президенттердің мемлекеттік қызметпен айналысуына кепілдік беретін заң қаралып жатыр.

– Бұл қоғамдық немесе саяси қызмет болуы мүмкін, – дейді заңға түзетулер енгізуге бастамашы болған Өмірбек Текебаев.

Бұрынғы сыртқы істер министрі болған, әртүрлі дипломатиялық миссияларда және БҰҰ қарамағында қызмет еткен Роза Отунбаева Қырғызстанда қалуға әзір екенін, елдегі мәдени және білім беру бағдарламаларын қолдауға мүдделі екенін айтты.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКС-ПРЕЗИДЕНТ МӘРТЕБЕСІ

Қазақстанда алғашқы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «бұрынғы президент» аталатын кездегі мәртебесі анағұрлым ерте анықталды, Ал оның президент болу мерзімінің, дұрысы, ғұмырлық мерзімінің аяқталу уақытына қатысты бұлай деуге болмас. Назарбаевтың постпрезиденттік өмірі мен қызметінің шарттары ең әуелі – «Президент туралы», кейін
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 18 қараша 2011 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 18 қараша 2011 жыл.
«Алғашқы президент туралы» заңда жазылды. Қазақстанның алғашқы президентінің зейнетке шыққаннан кейінгі артықшылықтары мен құқықтары «Елбасы туралы» заңда түпкілікті күшіне енді. Енді Назарбаевқа «Халық қаһарманын» деген атақты артық жөн-жоралғысыз беру үшін бұл заңға да түзетулер енгізілді.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне — Елбасына және онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне ешкiмнiң тиiспеу кепiлдiгiн, оның iшiнде мүлкiне, тұрғын және қызметтiк үй-жайларына, жеке қызметтiк көлiк құралдарына, хат-хабарларына, олар пайдаланатын байланыс құралдарына қол сұғылмау кепiлдiгiн, банктiк шоттарының банктiк құпиялығы мен қол сұғылмауы, сондай-ақ оларға тиесiлi құжаттарға қол сұғылмау кепiлдiгiн қандай да болсын түрде бұзу — бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады» деп жазылған Қазақстанның қылмыстық кодексінде.

Қазақстан президентінің өміріне қауіп төндірген адам 15 жылдан астам уақытқа түрмеге қамалады, тіпті өлім жазасына кесіледі. Назарбаевтың ар-ұжданы мен қадір-қасиетін қорлағаны үшін, соның ішінде оның «бейнесін бүлдіргені үшін» немесе оларға бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, қол сұққаны үшін кез-келген азамат енді үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Қырғызстанның бұрынғы екі президенті Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиев те заң бойынша ерекше және артық құқықтарға бөленген еді. Бірақ ол заңдар екеуін тақтан тайдырып, қуып жібергенде қорған бола алмады. Абыройларынан айырылған президенттер дербес артықшылықтарынан, мемлекет қамқорлығынан айырылды, обструкцияға душар болды. Бакиев тіпті сырттай өткен соттың жауапкеріне айналды.
XS
SM
MD
LG