Қырғыз үкіметінің жәрдемақысын алып Қытайда емделіп жатқан Мақсат есімді жігіт Азаттыққа берген сұхбатында денсаулық сақтау министрлігі өзін емдетуге 70 мың АҚШ долларын жұмсағанын айтады.
2010 жылы 6-7 сәуір күндері Талас облысы мен Бішкекте Құрманбек Бакиевтің режиміне қарсы көтерілген наразы халықтың жүзге жуығы полиция мен арнайы әскердің қолынан оққа ұшып, екі мыңға жуығы жараланған еді. Ауыр жарақат алғандардың бірі – 19 жастағы Мақсат Чегеткеев 2010 жылы оқ тиген кезде 11-сыныпты енді бітіргелі жүрген оқушы екен. Қазір ол Қытайдың Үрімжі қаласындағы Бірінші Шыңжаң медициналық университетінің клиникасында емделіп жатыр.
– Әуелі Бішкекте болған «Апрель оқиғалары» кезінде қалай жараланғаныңызды қысқаша айтып берсеңіз?
– 2010 жылы 7 апрельде достарыммен бірге биліктің жарық құны мен салықты өсіруіне қарсы елдің қатарында наразылыққа шықтық. Құрманбек Бакиев (Қырғызстанның сол кездегі президенті – ред.) Ақ Үйдің үстіне снайперлерді қойғызып, оқ аттырды.
«БҮЙЕНІМ МЕН ТОҚ ІШЕГІМ АҚТАРЫЛЫП ҚАПТЫ»
– Толқу болып жатқанын кімнен естідіңіз?
– Елдің бәрі Ақ Үйдің алдына шұбырды. «Тұрмыс қиындады, жарықты арзандат» деген талаптар айтып тұрды. Дос балалармен бірге біз де наразы болып шықтық.
– Қай мектепте оқып жүр едіңіз?
– Түп ауданындағы Түп ауылының Қарымсақов атындағы мектебінде оқыдым (Ыстықкөл облысы – ред.).
– Сол күні Бішкекке ауылдан келдіңіз бе?
– Жоқ, сол кезде Бішкекте едім.
– Ақ Үйдің алдына барғанда не көрдіңіз?
– Бірінші көргенім – біз жеткенде Ақ Үйдің үстінен снайперлер жиналған жұртты ата бастады. Полиция елге оқ атып жатқанда жарақат алғандарға жәрдем берелік деп, оларды сүйреп ауруханаға жеткізіп жүрдік. Сөйтіп жанұшырып жүргенде Ақ Үйдің алдына бір барғанымда маған да оқ тиіп жығылдым.
– Қай жеріңізге тиді?
– Сол жақ бүйірімнен тиді. Достарым бірден Ахунбаев клиникасына (Бішкектің Ахунбаев көшесіндегі республикалық балалар клиникасы – ред.) ала жөнеліпті. Сол жерден бірден операция жасапты. Оның бірі есімде жоқ. Талып қалыппын. Кейін достарым айтып берді. Жуан ішегім мен асқазанымды оқ талқандап кетіпті. Көргендердің айтуынша, бүйенім мен тоқ ішегім сыртқа ақтарылып қалған екен.
Алты айдан соң қайтара операция жасады. Колостоманы бітеп, ішегімді қайта тұтастырды. Екінші операциядан кейін тәуір болғандай сезінгенмін. 2012 жылғы қаңтарда ішім қарысып қайта ауырдым. Ауданда ұзақ жатып қалып барып Бішкекке жеткесін тағы операция жасады. Сосын ішіме су құйылып, екі күннен соң төртінші рет пышаққа түстім.
– Бәрін қосқанда қанша операция жасаттыңыз?
– Бес рет. Сөйтіп Бішкекте бір айдың ішінде үш операция жасатып, қатты жүдедім. Қырғыз дәрігерлер жанымды алып қалды. Медициналық жабдықтар жетіспесе де, хирургтардың күштілігінің арқасында жаным қалды. Сосын Қытайға жіберді.
«ҮКІМЕТІМІЗ ЖАРЛЫ БОЛСА ДА, ЖЕРДЕ ҚАЛДЫРМАДЫ»
– Қытайға кім жіберді?
– Қазіргі үкімет жіберді. Кейінгі үкіметке рақмет. Қытайға жіберіп жатыр. Жақсы қарасып тұрады.
– Жол шығыныңыз бен еміңіздің ақысын төлеп жатыр ғой?
– Үкімет төлеп жатыр. Қытайдағы аурухананың ақысын да өздері көтеріп алды. Онысына рақмет.
– Мұндай жәрдемнің қандай да бір шегі бар ма? Шектеу бар ма?
– Қырғызстан тарабы бас-аяғы 70 мың АҚШ долларын аударды. Мына аурухана (Бірінші Шыңжаң медициналық университетінің клиникасы – ред.) сонша сома төленсе, мені айықтырып жібере алатынын есептеп шығарып, уағдаларын берген еді.
– Бұл жәрдемақыны қай министрлік төлеп жатыр?
– Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі.
– Сізбен бірге емделіп жатқан басқа Қырғызстан азаматтары бар ма?
– Қырғыз жоқ. Әкеммен бірге кеп жатырмын. Бес ай болды. Мұнда емделіп жатқандардың көбі – Қазақстаннан өз бетімен келгендер.
– Өзге жараланған азаматтарды Қырғызстан үкіметі тағы басқа қандай елдерге жіберіп жатыр? Хабарыңыз бар ма?
– Қырғыз үкіметі жараланғандарға қолынан келгенінше жәрдем беріп жатыр. Жарлы болса да үкіметіміз бізді жерде қалдырмады. Мен құсап жараланған екі мыңдай адам және бар. Кейбірін Қырғызстанда емдетіп, қолынан келмесе, шет мемлекеттерге жіберіп жатыр. Нақ қай елдер екенін білмедім.
– Ал Қытайдағы өзіңіздің еміңіз енді қаншаға созылады?
– Бір айдан кейін бір операция болады. Одан алты ай өткен соң қайыра келіп тағы бір операция жасатпақпын. Процедурам бір жылдың ішінде бітеді.
– Ары қарай қандай жоспарыңыз бар, оқуға түскіңіз келе ме? Қандай мамандық игергіңіз келеді?
– Жоғары оқу орнында оқығым келеді. Қырғызстанның келешегін көтергім келеді.
– Қырғызстандағы қазіргі саяси өзгерістер туралы не ойлайсыз?
– Саяси өзгерістер жақсы. Бұрынғыдай емес, қазіргі үкімет барлығын жөндеп жатыр. Қазына ақшасын ішіп-жегендер жоқ. Ендігі келгендер, президент Алмаз Атамбаевтар жақсы істер жасап жатыр.
– Әңгімеңізге көп рақмет! Тез сауығып кетіңіз.
Редакциядан: Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі таратқан ресми мәлімет бойынша, 2010 жылғы Апрель оқиғаларынан соң мыңнан астам зардап шеккен адам дәрігерге қаралған. Олардың жартысына жуығы ауруханаға жатып емделген. Ондаған адам министрліктің жәрдемімен шетелде емделуге жіберілген. Ресми хабарламаға сәйкес осы оқиға кезінде жарақаттанған пациенттер мен олардың отбасы мүшелері үшін министрлік тегін емдеу-сауықтыру процедураларын үзбей ұйымдастырып келеді.
Талас пен Бішкекте 2010 жылғы сәуірдегі толқу кезінде ресми дерек бойынша 88 адам өлген. Олардың көпшілігі 21–30 жас арасындағы жастар.
Бұл тақырыпты автордың Facebook-тегі жеке парағында да талқылай аласыздар.