Олимпиада ойындарының бесінші күні Қытайдың алтыны - он беске, ал АҚШ-тың алтыны онға жетті. Қазақстан үш алтынмен, сегізінші орынға қайтып келді.
Тамыздың 1-і күні олимпиадада қазақстандық 11 спортшы жарысқа түсті. Жүлде алған ешқайсысы жоқ. Боксшы Иван Дычко ғана ширек финалға өтті.
БЕСІНШІ КҮННІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Ауыр атлетикадан 69 килограмм салмақта жарысқан Анна Нұрмұхамедова бесінші орын алды. Атлет штанганы жұлқа көтеру сайысында - 115 килограмм, одан кейін 117 килограмм көтерді. Бірақ 117 килограмм нәтижені төрешілер есептемей тастады. Ал серпе көтеру сайысында 136 килограмды алғанымен, 140 килограмм салмақты екі рет шығып, көтере алмады.
77 килограмм салмақ бойынша «В» тобында (нәтижелері төмен спортшылар сынға түсетін топ) жарысқа қатысқан Кирилл Павлов тоғызыншы орынды қанағат тұтты. Павлов қос сайыстың жалпы көрсеткіші бойынша 322 килограмм (жұлқа көтеру - 147 кг, серпе көтеру - 175 кг) көтерді.
Бокстан 56 килограмм салмақ бойынша екінші кездесуін өткізген Қанат Әбутәліпов ирландиялық Джон Джое Невиннен ұтылып қалды – 10:15.
Аса ауыр салмақта рингке шыққан қазақстандық Иван Дычко (91 килограмнан жоғары) неміс боксшысы Эрик Пфайферді 14:4 есебімен ұтып, олимпиаданың ширек финалына шықты. Дычко енді ширек финалда канадалық Симон Кинмен (6 тамыз) кездеседі.
Жекпе-жектен кейін Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов спорт және дене шынықтыру агенттігінің баспасөз қызметіне сұхбат берді.
- Дычко бапкерлердің айтқанын толық жүзеге асырды. Өте сақ болды. Біз айтқан тактикамен бокстасты. Бұл - Дычконың Лондондағы алғашқы кездесуі. Алдағы жекпе-жектерде жақсы қырынан көрінеді деп сенеміз. Ал Қанат Әбутәліпов қолынан келгенін жасады. Бірақ ирландиялық боксшы мықты екенін дәлелдеді. Енді қалған боксшыларымызға сенім артайық, - деді бас бапкер.
Семсерлесуден жарысқа қатысқан үш қазақстандық спортшы жүлде ала алмады. Ерлер арасындағы қылыштасуда Элмир Әлімжанов алғашқы қарсыласы вьетнамдық 22 жасар Нгуен Тиенді 19:5 есебімен ұтты. Алайда екінші айналымда Азия ойындарының чемпионы Джин Сун Джунгтен жеңіліп қалды – 8:15.
Ал Дмитрий Алексанин алғашқы кездесуінде 33 жасар венесуэлалық Сильвио Фернандестен ұтылды – 12:15.
Әйелдер арасында жарысқа қатысқан Юлия Живица ресейлік Юлия Гаврилованы ұта алмады - 7:15. Бұл үш семсерлесуші де олимпиададағы жарыстарын аяқтады.
Дзюдодан 90 килограмм салмақта татамиге шыққан Болат Тимур алғашқы қарсыласы, Пекин олимпиадасының қола жүлдегері, Египет атлеті Хешам Месбахты жеңген еді. Бірақ келесі кездесуде ол жапондық балуан Масаши Нишиамадан ұтылып қалды.
Суға жүзуден Александр Тарабрин (200 метрге шалқалап жүзу) финалға шыға алмады.
Велоспорттан жылдамдық жарысында Александр Винокуров - 23, Асан Базаев 31-орын алды.
ЛОНДОНДАҒЫ БАДМИНТОН ДАУЫ
Халықаралық бадминтон федерациясы екі кореялық, бір қытайлық және бір Индонезия жұбын (барлығы - 8 спортшы) Лондон олимпиадасынан шеттетті.
Бадминтоншыларға «спорт ережесін сақтамады» деген айып тағылды. Бадминтондағы басты фаворит саналған қытайлық Ван Сяоли мен Ю Ян топтық кезеңде кореялық қарсыластары Чун Кюн Ын мен Ким Ха На жұбына әдейі жеңілген. Сяоли мен Ян 1/8 финалда тағы бір қытайлық жұп Тянь Цин мен Чжао Юнбляймен кездеспеу үшін жоспарлы түрде жеңілген.
Ван Сяоли мен Ю Ян бадминтон балонын әдейі аутқа шығарып, оңай соққыларды қасақана қайтармай, өтірік ойнаған. Төреші Торстен Берг қытайлық спортшыларға ескерту де беріп көрді. Бірақ ойын қорытындысы бойынша Чун Кюн Ын мен Ким Ха На жеңіске жетті. Осы ойыннан кейін ақылдасқан мамандар қытайлық және кореялық жұпты жарыстан шығарып тастады.
Ха Чун Ын мен Ким Минь Чун (Оңтүстік Корея) және Меилиан Джаухари мен Грейси Поли (Индонезия) жұптарының арасындағы ойында да спорт бәсекесі ережесі бұзылған. Бұл спортшылар да олимпиададан шеттетілді. Олар да 1/8 финалда әлсіз қарсыласқа жолығу үшін матчта әдейі сылбыр ойнаған. Осыны байқап қалған төрешілері Корея мен Индонезия спортшыларын елдеріне қайтарды.