Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Өзбекстанда Ислам Каримовті еске алды
31 қаңтар 2019 жыл, 09:00
Азаттық радиосы
30 қаңтар - Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің туған күні. Елдің қазіргі президенті Шавкат Мирзияев Самарқанда жерленген Каримовтің кесенесіне барып, марқұмға құран бағыштады деп хабарлады Азаттықтың Өзбек қызметі (Озодлик радиосы).
1
Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің Ташкенттегі ескерткіші жанындағы құрметті қарауыл. Ескерткіш Каримов қайтыс болғанға дейін тұрған және жұмыс істеген "Оксарой" (Ақсарай) резиденциясының алдына қойылған. Қазір бұл ғимарат Каримов атындағы музейге айналған. Онда Каримовтің қола мүсіні, портреттері және өзге де экспонаттар бар.
2
Ислам Каримов 1938 жылы 30 қаңтарда дүниеге келген. 2016 жылы 2 қыркүйекте 78 жасында қайтыс болғаннан кейін ол туған қаласы Самарқандағы ЮНЕСКО мәдени ескерткіштер мұрасы болып есептелетін Шахи-Зинда тарихи кешеніне жерленді.
Суретте: Каримовтің кесенесі алдында тұрған адамдар. Самарқан, 4 тамыз 2018 жыл.
3
Ислам Каримов қатыс болған соң президент міндетін уақытша сол кездегі премьер-министр Шавкат Мирзияев атқарып, кейін Өзбекстан президенті болып сайланды. Мирзияевтің 2017 жылы 25 қаңтарда шығарған қаулысына сәйкес, Өзбекстанда Ислам Каримовтің туған күні жыл сайын атап өтіледі.
Шавкат Мирзияев Ислам Каримовтің ескерткішіне гүл қойып тұр. Ташкент, 30 қаңтар 2019 жыл.
4
Биыл 30 қаңтарда президент Мирзияев Ташкенттегі Ислам Каримов ескерткішіне гүл қойып, Самарқанда жерленген Каримовтің басына барып, құран бағыштады. Бұдан соң президент Самарқанда ас берді. Каримовті еске алу шарасына мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ел ақсақалдары мен жастар қатысты.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев (сол жақтан екінші) Ислам Каримовтің кесенесінде құран бағыштап отыр. Самарқан, 30 қаңтар 2019 жыл.
5
Ислам Каримов советтік Өзбекстанды 1989 жылдан бастап басқарды. Кейін Өзбекстанның тұңғыш президенті болып сайланып, қайтыс болғанға дейін билік басында отырды. Каримовті осы заманғы ең қатал автократтардың біріне жатқызатын құқық қорғаушылар оны Өзбекстанда адам құқығын жиі бұзды, елдегі кез-келген оппозициялық көңіл-күйді тұншықтырып отырды және 2005 жылы мамырда Әндіжанда болған тәртіпсіздік кезінде жүздеген адамның өліміне кінәлі деп айыптайды.
6
Самарқандағы Шахи-Зинда тарихи кешеніне жерленген Ислам Каримовтің басына келген адамдар. Өзбекстан, 7 қазан 2016 жыл.
7
Каримов қайтыс болғаннан кейін Өзбекстанда тұңғыш президентті есте қалдыру, дәріптеу шаралары басталған. Елде оның кесенесі ашылып, ескерткіштері мен музей пайда болды. Ташкент әуежайына Каримовтің есімі берілді.
Суретте: Ислам Каримов музейіне келушілер Өзбекстанның тұңғыш президентінің портреті алдында селфи жасап тұр. Ташкент, 3 тамыз 2018 жыл.
8
Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің кесенесі. Самарқан, 4 тамыз 2018 жыл.
9
Ташкентте 2014 жылs өртеніп кеткен мемлекет қарауындағы тарихи Жорабек мешітінің орнына салынған жаңа мешітке Ислам Каримовтің есімі беріліп, "Ислом ота" мешіті аталды.
Суретте: Жаңадан ашылған "Ислом ота" мешітінде. Ташкент, 6 қазан 2016 жыл.
10
Ислам Каримовтің Самарқандағы ескерткішінің маңында жүрген адамдар. 4 тамыз 2018 жыл.
11
Каримов қайтыс болғаннан кейін Өзбекстанмен бірге бірқатар шет елдерде оған ескерткіштер орнатылды.
Суретте: Ислам Каримовтің бюстінің алдында тұрған адамдар. Түркіменабад, Түркіменстан, 7 наурыз 2017 жыл.
12
Ислам Каримовтің ескерткіші. Мәскеу, Ресей, 18 қазан 2018 жыл.
13
Постсоветтік елдер арасында Ислам Каримовпен бір жылы билікке келген президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды әлі басқарып отыр.
Суретте: Каримов (оң жақта) пен Назарбаев Алматының іргесіндегі Шымбұлақ тау шаңғысы базасында. 6 қаңтар 2001 жыл.
14
Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін сауда орындарында тұңғыш президенттің бейнесі салынған түрлі заттар сатыла бастаған. Билік орындары кейбір "сапасыз жасалған" әлгіндей заттарды тәркілеп, сатушыларға айыппұл салып, шара қолданғанымен олар кейін саудаларын жалғастырған.
Суретте: Ислам Каримовтің бейнесі салынған табақ. Самарқан, 4 тамыз 2018 жыл.
Өзбекстанда Ислам Каримовті еске алды
Пікірлерді көріңіз
ПІКІРЛЕР
Back to top
XS
SM
MD
LG
ПІКІРЛЕР