Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
Карлагтағы бір түн
20 мамыр 2013 жыл, 08:48
Долинка ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде ерекше түнгі экскурсия өтті. Келген адамдар Карлаг тұтқындарының бастан кешкен азаптарын өз көздерімен "көрді". Карағанды облысы, Долинка ауылы, 19 мамыр 2013 жыл.
1
Азаптау камерасы. Музей қызметкерлері сомдаған "Карлаг тұтқынын" "НКВД тергеушісі" қинап жатыр. Кейде адамдарды осылай азаптап "мойындатқан". "НКВД офицерінің" "Ұйықтама, ұйықтама деймін" деген сөздері қонақтарды шошытты.
2
Долинка ауылындағы Карлагтың бұрынғы басқармасының ғимараты қазір саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музей. Осы музейдің алдында үрмелі аспаптар оркестрі ойнап тұрды. Бұл тегін емес, тұтқындардың естелігіне қарағанда, үрмелі аспаптар оркестрі Карлаг басқармасы ғимаратының алдында үнемі музыка ойнайтын болған.
3
Товар таситын вагондағы тұтқындар туралы қойылым. Бұл вагондармен жүкті әйелдерді де, омырауда баласы бар аналар мен кішкене балаларды да, қарттарды да тасыған. Көптеген тұтқындар осы вагондардағы мыңдаған километрлерге созылған адам төзгісіз сапарларға шыдамай қаза тапқан.
4
Музей қызметкері репрессия жылдары Қазақстанға Совет Одағының әр түкпірінен әртүрлі ұлт өкілдерінің жер аударылғаны туралы әңгімелеп тұр. Қонақтар архив құжаттары мен ұлттық киім кигізілген мүсіндерді көрді.
5
Музейді көруге келген Вера Миходенко депортация залындағы мүсінге қарап тұр. Музейдегі экспонаттың бірі - Кавказ тұрғынының мүсіні. Кавказ тұрғындары Қазақстанға басқа этнос өкілдерімен бірге жер аударылған. Қарағанды облысы, Долинка ауылы, 18 мамыр 2013 жыл.
6
Бұл кабинетте тергеуші этаппен келген жаңа тұтқындарды қабылдап, олардың ісімен танысқан. Тұтқындарды осы жерде суретке түсірген.
7
Музей қызметкері Карлаг тұтқындарының саман топырақты қалай илегенін көрсетіп тұр. Тұтқындар лагерьдегі ғимараттарды саман топырақтан өздері тұрғызатын. Бұл аштықтан әбден жүдеген, әлсіреген адамдардың ауыр еңбегі болған.
8
Омыраудан шықпаған балаларды аналарына емізу үшін ғана әкелген. Қалған уақытта әйелдер жұмыс істеген. Карлагта туған балаларды 3 жасқа толған соң басқа лагерьлерге жіберген немесе атып тастаған деген деректер бар.
9
Қонақтар Карлаг бастығының кабинетіне кірді. "Халық жауының" қызы тергеуде отыр. "Лагерь бастығы" оны "әкеңнен бас тартпасаң, этаппен жөнелтем" деп қорқытып тұр.
10
Ерлер камерасы. Бұл жерде музей қызметкерлері саяси тұтқындардың кәнігі қылмыскерлермен бірге отырғаны туралы қойылым көрсетті. Қылмыскерлер бойын онсыз да қорқыныш билеген саяси тұтқындардың одан сайын зәресін алған.
11
Музей қызметкері азаптан қалжыраған Карлаг тұтқынын сомдады. Түнгі экскурсия қонақтары лагерьдегі тозақты өз басынан кешіргендей болды.
12
Қонақтарға музей қызметкерлері құрт таратты. Олар "тұтқындарды аштықтан жергілікті қазақтар берген құрт құтқарып қалған" дейді. Меймандар бұл тағамның да дәмін татты.
13
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған бөлме. Бұл жерден музейге келген адамдар Карлагта қаза тапқан тұтқындардың тізімін оқи алады. Осы бөлмеде құрбандарға арнап ескерткіш те қойылған.
14
Түнгі экскурсиядан шыққан қонақтар.
Карлагтағы бір түн
Ұқсас
ГУЛАГ тұтқыны жазған «әке хаттары»
«Карлагты ұмытуға да, кешіруге де болмайды»
Back to top
XS
SM
MD
LG