НАТО тарихындағы ең ірі әскери жаттығулардың бірі
Норвегияда қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан бергі НАТО-ның ең ірі әскери жаттығуы - Trident Juncture 2018 өтіп жатыр. Оған 50 мың әскери қызметкер, 10 мың жерүсті әскери техника, 250 ұшақ, тікұшақ, 60 кеме қатысып жатыр. Жаттығу мақсаты - НАТО-ның қауіп-қатердің жаңа түріне, оның ішінде "үгіт-насихат пен гибрид соғысының жаңа әдістеріне" жауап беруге қаншалықты дайын екендігін тексеру. Қыркүйек айында Ресейдің Қиыр Шығысында осы ел тарихындағы ең ірі "Восток-2018" әскери жаттығуы өткен.
ПІКІРЛЕР