Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Солтүстік Кореяға сапар
13 сәуір 2016 жыл, 06:57
Қазақстандық Уәлихан Қарасаев - Солтүстік Кореяға сапар шеккен аз қазақстандықтың бірі. Азаттық Уәлиханның әлемдегі ең жабық коммунистік елдердің бірінде жүріп түсірген фотосуреттер топтамасын ұсынады.
1
Қазақстандық турист Уәлихан Қарасаев Пхеньян метросында тұр.
2
Пхеньянның жаңадан салынған әуежайы.
3
Пхеньян көшелерінен бір көрініс. Солтүстік Кореяның астанасы елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда әлдеқайда бақуатты көрінеді.
4
Пхеньян метросынан бір көрініс
5
Таңертең партия ұранына қарауға шамасы келмей жұмысқа асыққан тұрғындар.
6
Пхеньяндағы жаңа ғылыми орталық ғимараты
7
Пхеньян ғылыми орталығына қойылған Ким Чен Ынның ағылшын тіліне аударылған толық шығармалар жинағы.
8
Пхеньяндағы Чучхе идеалдарына арналған ескерткіш. Чучхе - Ким Ир Сен негізін қалаған Солтүстік Кореяның балама коммунистік идеологиясы.
9
Пхеньяндағы Ким Ир Сен алаңы.
10
Пхеньянның Мансу төбесінде тұрған Ким Ир Сен мен Ким Чен Ирдің қоладан құйылған алып ескеркіштері. Монументтің артындағы ғимаратта Революция музейі орналасқан.
11
Шетелдіктермен тіке сөйлесуге рұқсат болмаса да, жергілікті тұрғындар туристерді көрген сәтте жымиып, қол бұлғап жатады.
12
Чучхе төбесінен қарағандағы Пхеньянның панорамалық көрінісі.
Солтүстік Кореяға сапар
Back to top
XS
SM
MD
LG