Нацистік Германия Совет Одағына 1941 жылы 22 маусымда тұтқиылдан шабуыл жасап, тарихта бұрын-соңды болмаған ірі көлемдегі әскери күшпен баса-көктеп кірді. Мұның аяғы миллиондаған адамның өмірін қиған алапат соғысқа ұласты.
Ұсталғаннан кейін көп ұзамай Брускина анасына былай деп хат жазды: "Бұдан былай маған бола еш әуре-сарсаңға түспейсің деп саған ант етемін. Мүмкіндік болса маған көйлегімді, жасыл жейдемді және ақ шұлығымды беріп жіберші. Бұл дүниемен қош айтысарда киімім көрер көзге дұрыс болсын".
Нацистік "ажал эскадрондары" (кей кезде жергілікті халық оларға қолдау танытқан) "Барбаросса" шабуылынан кейінгі жылдары миллиондаған адамның, әсіресе еврейлер мен "азиялықтардың" көзін жойды.
Британ тарихшысы, жазушы Джонатан Димблби өзі зерттеген нацистер мен олардан "кек аламыз" деп өзеуреген Қызыл армия жасағының істеген зұлымдығының ауырлығы сондай, ол жайлы "тіпті айтуға дәтің бармайды" дейді.
Димблби нацистік "ажал эскадроны" мүшелері "көшеден қосылған маскүнем я ақыл-ойы кем нашақор емес еді" дейді. "Олар білімді адамдар болатын, арасында жоғары оқу орнын бітірген дәрігерлер, осы топқа өз еркімен қосылған мемлекеттік қызметкерлер болды".
"Барбаросса" жоспары: 80 жыл бұрын нацистер СССР-ге қарсы соғыс бастады