Accessibility links

Қырымдағы жаппай тінту және қамаулар

Мәскеу аннексиялап алған Қырым түбегінде сот Ресейде тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" діни ұйымының қызметіне қатысқан деген күдікпен ұсталған тоғыз Қырым татарын 15 мамырға дейін қамауға пәрмен берді. Сот шешімі Ресей күш құрылымдары түбекте "Қырым ынтымақтастығы" қозғалысы белсенділері, азаматтық журналистер мен блогерлер тұратын 25 үйге тінту жүргізген күні шықты.

27 наурызда Қырымда Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі, ішкі істер министрлігі мен Росгвардия қызметкерлері "Қырым ынтымақтастығы" қозғалысы белсенділері, азаматтық журналистер мен блогерлердің үйлерін тінтті. Олардың кейбірінен Ресейде тыйым салынған діни әдебиет табылғанын хабарлады. "Қырым ынтымақтастығы" өкілдері тыйым салынған заттарды "әлгі үйлерге әдейі тастаған" деп мәлімдеді. Ресейге бағынышты Қырым басшысы Сергей Аксенов күш құрылымдарының іс-қимылына қолдау білдірді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG