Фото:Amos Chapple (Courtesy Image)
Орталық Азиядағы жабық елдің сән-салтанаты мен жұпыны тірлігі
Орталық Азиядағы жабық елдің сән-салтанаты мен жұпыны тірлігі
Фотограф Амос Чаппл бұл суреттерді Түркіменстанға 2012 жылы жазда барғанда түсірген. Әлемдегі ең жабық елдердің біріндегі өмірді көрсететін суреттердің кейбірі алғаш рет жарияланып отыр.
Ашғабаттағы сауда орталығындағы ойын-сауық аттракционында жүрген егіз қыз.
Ашғабаттағы неке сарайының алдындағы алаңды жуып жатқан әйел.
Төбесіне Түркіменстанның картасы салынған титаннан жасалған шар орнатылған неке сарайының маңдайшасына Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің портреті ілінген.
Неке сарайының маңында жұмыс істеп жүрген адам күннен қорғану үшін бет-жүзін тұмшалап алған. Түркіменстанда жаз кезінде 50 градусқа дейін ыстық болады.
Неке сарайындағы рәсімнен кейін жас жұбайлар лимузинмен қаланы аралауға шықты.
Ашғабаттың орталығындағы таксофон.
Ашғабаттың орталығындағы алып термометр. Оның қасындағы үлкен экраннан президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейнесі көрінеді.
Әлем бойынша баспасөз бостандығы индексінде Түркіменстан ең соңғы орында тұр.
Ашғабаттағы такси көлігіндегі президент Бердімұхамедовтің суреті. Мамандығы бойынша тіс дәрігері Гурбангулы Бердімұхамедов 2007 жылы билікке келгеннен кейін, өзіне дейін елді басқарған Сапармұрат Ниязов тәрізді, жеке басын дәріптейтін саясатты жалғастырды. Құқық қорғаушылар Түркіменстанды әлемдегі ең жабық репрессиялық ел деп атайды.
Орталық Азиядағы постсоветтік мемлекетті 1990 жылдан 2006 жылы қайтыс болғанға дейін басқарған Сапармұрат Ниязовтың 12 метрлік алтынмен апталған ескерткіші.
Ниязовтың мүсіні Бейтараптық ескерткішінің ұшар басына орнатылған. Бір кездері Ашғабаттың орталығына қойылған ескерткіштегі Ниязовтың мүсіні үнемі күнге жүзін беріп айналып тұратын.
Бейтараптық ескерткішіндегі алтын жалатылған бейнелер. 2010 жылы Бердімұхамедов ескерткішті ел астанасының шет жағына көшіруге бұйрық берген.
Қазір Ниязовтың алтын мүсіні бұрынғыдай күнге ілесе айналмайды.
Нөсер алдында Ашғабаттағы үлкен жолдан өтіп бара жатқан жұмысшы. Жол бойында көлік байқалмайды.
Нөсер кезінде қызын бауырына басып тұрған әйел.
Конституция монументі (сол жақта) мен Turkmenistan Tower мұнарасы (оң жақта). 185 метрлік монумент - елдегі ең биік нысан.
Конституция монументі жанында тұрған қарауыл. Монумент алдындағы тастан төселген үлкен алаңда басқа адам жоқ. Ашғабаттағы өзге ескерткіштердің жанындағы алаңдардан да қыдырып жүрген адам байқалмайды.
Конституция монументі жанында жолыққан ер адам.
Ашғабаттағы Тәуелсіздік монументінің айналасындағы ерте замандағы түркімен көсемдері мен батырларына қойылған 27 мүсіннің бірі.
Ашғабатты "күзетіп" тұрған түркімен сарбазы.
Ашғабат маңындағы "денсаулық соқпағымен" белеске көтеріліп келе жатқан адам. Соқпақтың ұзындығы 37 километрге жуық.
"Әлем" мәдени - ойын-сауық орталығы алдында жүрген адамдар.
Түркіменстанның бұрынғы президенті Сапармұрат Ниязовтың ескерткішінің алдында тұрған адам.
Ашғабаттан солтүстікке қарай орналасқан жұпыны ауылда астанадағыдай сән-салтанат байқалмайды.
Ауылдағы қоршау ішінен шығып келе жатқан түйелер.
Фотограф Амос Чаппл жер астынан отты жалын шашып жатқан "Дарваза" газ кратерінің жиегінде тұр. Жергілікті халық "Тозақ қақпасы" атап кеткен кратер 1970 жылдардан бері жанып жатыр.
Такси жүргізуші совет кезінен қалған МиГ әскери ұшағы қаңқасының жанында тұр. Ұшақтан кәдеге жарайтын заттарды баяғыда шешіп алып кеткен.
Шілденің шіліңгірінде су ішіп отырған бала.
ПІКІРЛЕР