20 желтоқсанда таңғы 7 шамасында Ресей Украина астнасы Киевке зымыранмен шабуыл жасады. Қалаға барлығы 8 зымыран түскен. Мұны Киевтің әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Попко айтты.
Шабуыл салдарынан бір адам қаза тапты. Киев қалалық әскери әкімшілігінің мәліметі бойынша, қирандылар құлағаннан 5 көлік өртеніп, жолдар бүлінген және жылу жүйесіне зақым келген. 630 тұрғын үй, 16 емдеу мекемесі, 17 мектеп пен 13 балабақша жылусыз қалған.
Киев мэрі Виталий Кличко Днепропетровск ауданында үйдің шатырына жарықшақ құлағанын, Соломенск ауданында өрт болғанын хабарлады. Шевченко ауданында да өрт болған.