Accessibility links

Харьковта қираған ресейлік әскери техника. 28 ақпан 2022 жыл.
Харьковта қираған ресейлік әскери техника. 28 ақпан 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 24-28 ақпан арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

Ресейдің Украинаға басып кіргеніне төрт күннен асты. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде Украина қарулы күштері мен Ресей әскері арасында шайқас жүріп жатыр.

Украина жағы Ресейдің үш мыңнан астам әскери қызметкері қаза тапты дейді. Ресей 27 ақпан күні сарбаздарының опат болғанын алғаш рет мойындады, бірақ нақты санын айтпады. Украина сарбаздары арасында жүздеген адам опат болған, қаза тапқандар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

АҚШ, Еуроодақ, Ұлыбритания және көптеген өзге ел Мәскеуге қарсы санкцияны күшейтіп жатыр. Еуроодақ елдері Украинаға шабуылдаушы ұшақтар беретін болды. Ресей президенті Владимир Путин Ресей ядролық қаруын арнайы тәртіпке көшіруді бұйырды.

Еуроодақ Ресей ұшақтарына әуе кеңістігін жауып, Кремльге жақын Sputnik және Russia Today бұқаралық ақпарат құралдарының Еуропа елдеріндегі жұмысына тыйым салмақ.

10:50 26.2.2022

Байден Украинаға $600 млн көлемінде көмек береді. Президенттің АҚШ мемлекеттік хатшысына берген тапсырмасында 350 миллион доллары әскери қажеттілікке бағытталатыны жазылған. Бастапқыда қаржы бөлу мәселесін Конгресс арқылы шешу жоспарланған, алайда артынша Ақ үй бірден бөлуді ұйғарған.

09:34 26.2.2022

Украинаның көптеген қалаларында сирена ойнатылды.

Түрлі арналар мен басылымдар 26 ақпан таңертең Украинаның көптеген қалаларында сирена ойнатылғанын хабарлады: шығыста – Харьков, орталықта – Винница мен Умань, батыста Луцк мен Львов және өзге өңірлер.

09:02 26.2.2022

Киевтің түрлі аудандарында шайқас жалғасып жатыр. "Украинская правда" басылымы жариялаған видеода автоматтар дыбысы естіледі. Видео Киев орталығындағы Богдан Хмельницкий көшесінде түсірілген деп айтылады.

08:13 26.2.2022

Украина ақпарат құралдарының жазуынша, Киевтен 30 шақырым жердегі Васильков қаласына Ресей десанттары түскен. Шайқас жалғасып жатыр.

Украина билігі Киевтегі Победа даңғылында әскери бөлімге шабуыл жасаған қарсылас тарапқа тойтарыс берілгенін хабарлады. Киевтің өзге аудандарында да жарылыс пен атыс болып жатқаны хабарланды.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG