Белгород облысында ресейлік ұшақтан 250 келілік авиабомба облыстағы мектепке түскен. Бұл жөнінде ауыл тұрғындары жергілікті "Пепел" телеграм-арнасына хабарлады. Олардың сөзінше, бомба 19 қарашада таңғы сағат 6-да мектепке түскен. Ол кезде ғимаратта ешкім болмаған, ешкім зардап шекпеген. Алайда мектепте күндіз сабақтар өтіп жатады.
Astra басылымының жазуынша, бомба ғимараттың төбесін тесіп өтіп, үшінші қабаттағы кабинеттердің біріне құлаған. Ғимараттың қабырғасында сызат пайда болған. "Агентство" басылымы мектеп әкімшілігі өкілдерінен комментарий ала алмады. Алайда бір мұғалімнің сөзінше, оған себебін түсіндірмей, сабақты қашықтан өткізу керектігін айтқан.
Astra мәліметінше, тағы бір ФАБ-250 авиабомбасы 15 қарашада Шебекинск қалалық округына қарайтын Белый Колодезь ауылынан 1,5 шақырым жерге құлаған. Ешкім зардап шекпеген.
- Astra-нің есебінше, 2024 жылы Ресей әскері ел аумағында және Украинаның басып алынған аймақтарында кемінде 150 авиабомбаны құлатып алған. Әсіресе олардың арасында ФАБ-250 және ФАБ-500 бомбалары жиі кездеседі. Әдетте мұндай оқ-дәрілерді жоюмен арнайы мамандар айналысады.