Ресейдің Украинаға басып кіргеніне бір аптадан асып кетті. Осы уақытта Ресей әскери Украинаға жүздеген ракета мен артиллерия, бомба атты. Киев, Харьков, Чернигов, Одесса, Мариуполь, Сум сынды қалалар көп зардап шекті. БҰҰ есебінше, Украинадан бір миллионнан астам адам босып кетті, 300-ден аса бейбіт тұрғын қаза болды. Екі тараптан да әскерилер қаза тапты.