2013 жылы Ресейде еңбек мигранттары үшін қиындық пен қорқыныш еселене түсті. Экономикадағы тұрақсыздық, қылмыстың көбеюі мен ұлтшылдық дертінің асқынуы мигранттар проблемасын Ресей саясатының негізгі өзегіне айналдырды. Ресей үкіметі елде арнайы рейдтер жүргізіп, басым бөлігі Орталық Азия мен Кавказдан келген мыңдаған еңбек мигранттарын ұстап, кейбірін депортациялады. Мигранттарды Ресейге визамен ғана кіргізуді талап еткен кампаниялар да ұйымдастырылды. Ресей қоғамында орныққан анти-мигранттық көзқарас ксенфобиялық зорлық-зомбылыққа ұласты. Мигранттар өздеріне бопсалау мен қиянат жиі жасалатынына шағым айтады.