Украинадағы жағдай ушыққан сайын АҚШ әкімшілігінің Мәскеуге қатаң ескерту жасауы, сөзбен қыжыртуы көбейіп келеді. Биліктегі алғашқы бес жылында Ресеймен салғыласудан бойын аулақ ұстап келген Обама қазір Кремльді шағып сөйлей бастады.
«РЕСЕЙ АРАНДАТТЫ»
Ресейдің әр мәлімдемесін тас-талқан етуге бекінген Вашингтонның бүгінгі әрекеттеріне қарап баспасөз құралдары Обаманың алғашқы мерзімінде Мәскеумен қарым-қатынасты жақсартуға тырысқанын еске алады.
Обаманың қарым-қатынасты реттеу саясаты кезінде Ақ үймен жұмыс істеген америкалық шенеунік Азаттыққа «Қазір Ақ үйдің қабағы қатулы, Ресей де қыңырлана түсті. Енді бұл ойынға екі жақ та қатысуы керек қой» деді.
2013 жылы Магнитский актісіне, Сириядағы азаматтық соғыс пен Ресейдің қашқын тыңшысы Эдуард Сноуденді паналату тәрізді екі жақты қарым-қатынасқа селкеу түсірген жағдайлар болса да, Украинадағы дағдарыс кезіндегідей бірін-бірі қатты мұқатып, қыжырта түйреу болмаған еді.
АҚШ ресми өкілдері осы аптада Украинаның шығысындағы ресейшіл күштердің жергілікті билік ғимараттарын басып алғанын сынады. Мәскеу «бұл іске қатысы жоқ» екенін мәлімдеді.
АҚШ мемлекеттік департаменті сәуірдің 13-і күні Twitter парақшасына «Ресей азаматтық соғысқа ұласатындай жағдай тудырып отыр. Ресейдің арандатуынсыз бұндай жағдай болмас еді» деп жазды.
«2 х 2 = 5»
Сол күні АҚШ мемлекеттік департаменті «Ресейдің Украинадағы тұрақсыздықты қолдауының дәлелі» атты мәлімдеме жариялады. Одан бөлек, департамент Ресейдің Украинаға қатысты «10 өтірігі» туралы да мәлімдеме таратты.
Наурыздың 5-і күні АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейді «Украинадағы заңсыз әрекетін ақтау үшін жалған хикая ойлап тапты» деп айыптап, Ресей президенті Владимир Путинді «дағдарыс туралы аңыз ойлап шығарды» деп кінәлады.
Мәлімдемеде «Достоевскийдің «екіні екіге көбейтсең, бес болады» деген формула тартымдылығын жоғалтпайды» деген сөзінен кейін орыс қиялынан мұндай «тамаша туындыны» кездестірмей кетіп едік» деп жазылған.
Бұл мәлімдемені АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктері Twitter арқылы қолдады. Олардың қатарында АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Саманта Пауэр, Обаманың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы (ЕҚЫҰ) елшісі Даниэль Баер бар.
Сәуірдің 14-і күні Twitter парағында Баер Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровты «ЕҚЫҰ тұрақты кеңесі Ресейдің Украинадағы «қылмыстарын» талқыламақ болған кезде (өткен аптада) АҚШ ұсыныстарын өзгертіп жіберуге тырысты» деп айыптады.
ЕҚЫҰ тұрақты кеңесі мәлімдемесінде Баер Ресейді «халықаралық қауымдастықты және өз азаматтарын сыйламайды, өтірік айтуды доғармай отыр» деп сөкті.
ЖАҢА ТОП
Украинадағы «Еуромайдан» шерулері басталмай тұрып (2013 жыл, қараша), Обама әкімшілігіндегі кейбір шенеуніктерді ауыстырды. Бұл өзгерістерді байқаған бақылаушылар «Обама Ресеймен қарым-қатынасты жақсарту саясатынан бас тартып, Мәскеумен қатаң қатынастарға көшуге дайындалып жатыр» деп болжады.
Оған дейін республикашыл сенаторлар - Джон Маккейн мен Линдси Грэм Обаманы «Кремльмен сыбайлас» деп айыптап келген еді. Осы екі сенатор қолдайтын Виктория Нуландтың АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері бойынша көмекшісі болып тағайындалуы Обаманың Кремльмен суысқанын көрсетеді. Сенат Обаманың ұсынысын қолдап, қыркүйек айында Нуландты қызметке тағайындады. Ол АҚШ үкіметінің Украинаны қолдайтын көрнекті өкіліне айналып шыға келді.
Бірақ Вашингтон позициясы Украинада төтенше жағдай орнаған соң барып қана түбегейлі өзгерді. Украинадағы АҚШ-тың бұрынғы елшісі Стивен Пайфердің айтуынша, «АҚШ билігінің қабырғасына Украинадағы жағдай соңғы жылдардағы басқа мәселелерге қарағанда қаттырақ батқан».
Пайфер Азаттыққа берген сұхбатында «Ресей екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан тәртіпті талқандап жатыр. Ондағы негізгі ереженің бірі – басқа елдің аумағын басып алуға, ол үшін әскери күш қолдануға болмайды. Ресей Қырымда осы ережені бұзды» деді.
Ресей өткен айда аннексияны ақтап, оны «Қырым халқының қалауы» деп жариялады. Қырымда этникалық орыстар көп тұрады. Ресей Қырым оқиғасын 2008 жылғы Косовоның тәуелсіздік жариялауымен салыстырды. Ол кезде Косовоның тәуелсіздік алуын Батыс қолдап, Ресей қарсы болған еді. Америка мен НАТО Ресей «салыстырмайтын дүниелерді салыстырып отыр» деп, Кремль уәжін қабылдамай тастады.
АҚШ-қа Украина мәселесі қаншалықты қатты батқанын Путинге жақын ондаған орыс және украин шенеуніктеріне санкция салғанынан байқауға болады. Бірақ Вашингтондағы кейбір сыншылар «Обама әкімшілігі айтарлықтай қаталдық танытпай жатыр» деп санайды.
Мәселен, Аризона штатының республикашыл сенаторы Джон Маккейн «Мен Тедди Рузвельтті үлгі тұтам, ол «жұмсақ сөйле, бірақ қолыңда шоқпарың болсын» деген. Ал сіздер қатқыл сөйлейсіздер, бірақ қолдарыңыздағы таяқтарыңыз кішкентай» деді. Путинге қас сенатор бұл сөзді сенаттың 8 сәуір күнгі отырысында айтты.
Бұған АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Рузвельттің басқа сөзімен жауап беріп, «Сіздің досыңыз Тедди Рузвельт «көп алдына шығып, іс қылуға тырысқан адамдарды құрметтеу керек» деген еді. Біз қолымыздан келгенін істеуге тырысамыз. Бұл - Рузвельттің сөзі. Мен оның осы нақылын ұстанамын» деді.
(Карл Шректің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)