Мәскеудегі Болотный алаңында 2012 жылы мамырдың 6-сы күні «жаппай тәртіпсіздікке қатысып, тәртіп сақшыларына шабуылдады» деп айыпталған 22 адамның алғашқысы сот үкімімен бірнеше жылға түрмеге қамалды.
Өзге айыпталушыларға да осындай жаза тағайындалуы мүмкін деп топшылайды көпшілік. Сарапшылар «Болотный ісі» халықтың наразылығына тосқауыл бола алмайды деген пікір айтады.
«БИЛІК ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ»
Полицейдің бір әйелді мойнынан қыса ұстап, жан-жағы қоршалған көшемен сүйреп келе жатқан суреті бар. Бастан-аяқ қаруланған ондаған ОМОН (ерекше мақсаттағы милиция тобы) жасағы қысқа қара көйлек киген қыздың ауа жетпей жанталасқан қалпына қарап тұр. Бұл сурет 2012 жылы мамыр айында Мәскеуде оппозицияның рұқсат етілген шеруінен түсірілген. Сол кезде көшеге шыққандар полицияның қарулы жасағына тап болып, жүздеген адам тұтқындалған болатын.
Бұл суретте бейнеленген 19 жастағы Александра Духанина сол күні үйіне аман-есен жетті. Бірақ үш күн өткен соң ол «шеру кезінде полиция қызметкерлеріне тас атты» деген желеумен тұтқындалды. Содан бері ол сот үкімін күтіп, үй қамақта отыр. Оған кісі қабылдауға, телефонмен сөйлесуге, интернетке кіруге және хат жазуға тыйым салынған. Сот айыпты деп таныса бойжеткен 13 жылға бас бостандығынан айрылады.
Мәскеудегі Болотный алаңында 2012 жылы мамырдың 6-сы күні «шеруге шығып, тәртіп сақшыларына шабуылдады» деп айыпталған 22 адамның бірі – Александра Духанина. Ресей президенті Владимир Путиннің 13 жылға созылған билігі кезіндегі қатаң тәртібіне қарсылық танытушылар шеру арқылы көзқарасын білдіруді әдетке айналдырды.
Ресейлік саясаттанушы Николай Петров:
- Бұл сот ісі Болотный алаңынан бастау алған азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымға қарсы шабуылдың шарықтау шегі болуы мүмкін. 2012 жылы мамырдың 6-сы күні болған оқиға билік пен қоғамның белсенді өкілдерінің арасындағы байланыстың жаңа кезеңі басталғанын көрсетті. Оның қалай дамитынын билік шешеді деп ойлаймын, - дейді.
ЛУЗЯНИН ТӨРТ ЖАРЫМ ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
«Жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деген 22 адамның 15-і алдын ала қамау орнында, төртеуі – үйқамақта отыр. Айыпталушылардың бірі өзін психиатриялық ауруханаға жібермек болған прокурорлардың шешіміне қарсылық білдіріп жатыр. Наразылық акциясына қатысқандардың тағы біріне халықаралық іздеу жарияланды.
Айып тағылғандардың арасынан бірінші болып сот процесінен өткен Максим Лузянин «айыбын» мойындаса да, сот оны 4 жарым жылға түрме жазасына кесті. Көпшілік соттың шешімін жаман ырымға жорып, «енді өзгелері де Максимның жолын құшады» деп топшылайды.
Тергеушілер істің аяқталып қалғанын айтады, келесі сот алдағы апталарда болуы мүмкін. «Болотный ісінің» аумағы да ұлғая бастаған тәрізді. Мамырдың 6-сы күні шамамен 70 адам «билікке қарсы әрекет жасаған» делінеді.
Желтоқсанда тергеушілер «екі әріптесімен бірге Ресей үкіметін құлатпақ болды» деп айыпталған оппозиция жетекшісі Сергей Удальцовтың ісіне қатысты бас қосты. Билік өкілдері «жаппай тәртіпсіздікті грузин саясаткері Гиви Таргамадзе ұйымдастырды, Болотныйдағы шеруге де соның қатысы бар» деп отыр. Удальцовқа қатысы бар бірнеше адам Орел қаласы мен Новосибирскіде тергеліп, бұл іс Мәскеуден тыс аймақтарды да қамтыды.
Наразылық танытқан азаматтарды қолдайтындар күш біріктіріп, айыпталушыларды ақтауға тырысып жатыр. Танымал жазушы Владимир Войнович жақында интернетте жария еткен видеода «Бір күн – бір есім» деген науқан аясында Александра Духанинаға қолдау көрсетті.
«Оның біреуге күш жұмсағаны туралы нақты дәлел жоқ. Бұлыңғыр суреттер ғана бар. Қыз тас лақтырды деген милиционерден «жапа шектің бе?» деп сұрағанда ол еш жеріне зақым келмегенін айтты. Жас қыздың толық қаруланып алған полицейді ұрып-соққанына сенесіз бе? Ол (полицей) сыртқы кейпіне қарасаң танкіде отырған адамға ұқсайды» деді жазушы Владимир Войнович.
«ХАЛЫҚТЫ АРАНДАТТЫ»
«Бір күн – бір есім» науқанын басқаратын «6 мамыр комитеті» қоғамдық ұйымы шеруге қатысы бар азаматтарды қорғау үшін өз алдына жеке тергеу жүргізіп келеді. Комитеттің пікірінше, шеру кезіндегі алыс-жұлыстың басталуына «тәртіп сақшылары айыпты, олар шерушілердің жолын заңсыз бөгеген».
«Адамдарды жан-жақтан қаумалап бас салды. Мен егде адаммын, бірақ ОМОНжасағының тұрғындарға соншама өшпенділікпен тап бергенін бұрын-соңды көрмеппін. Мені соттаса да айтарым біреу: тәртіп сақтау органы жұртты әдейі арандатты. Біз гүл ұстап, көңілді түрде шеруге шыққан едік. Зорлық-зомбылыққа тап боламыз деп ойламадық» деді мамырдың 6-сы күнгі шеруге қатысқан Турана Варжабетьян есімді әйел Азаттық радиосына.
Варжабетьян полицияның сойылынан екі жасты құтқармақ болғанда өзінің басына соққы тигенін сезбей қалғанын айтты. Шеру туралы YouTube сайтында жарияланған бейнетаспада оның милиция жасағын ығыстырып бара жатқаны, одан кейін жарақат алып жерде жатқаны көрсетілген.
Зейнеткердің миына зақым келіп, бірнеше апта бойы қозғалыссыз жатқан. Билік оның жағдайды анықтау туралы өтінішін елеусіз қалдырды. Құқық қызметкерлерінің қатыгездігін сипаттайтын фотосуреттер мен бейнежазбалардың көптігіне қарамастан, билік «тек құқық қорғау органдарының қызметкерлері жапа шекті» деген қорытындыға келді. Жарақат алды деген бірнеше офицердің пәтерге ие болғаны қоғамның ашу-ызасын ушықтыра түсті.
«Болотный ісін» ресейліктер мен шетелдіктер бақылауда ұстап отыр. 22 айыпкердің еркіндікке шығатынына сенетіндер аз. Бірақ саяси сарапшылар «қатаң айыптау мен түрмеге тығу жаңа наразылыққа түрткі болады» деп ескертеді.
«Біз Удальцов сияқты наразылар туралы айтпаймыз. Мәселе үкіметтің өз халқына өшпенділікпен қарап, қорлауында болып отыр. Келешекте болатын саяси наразылық шерулеріне «Болотный ісі» тосқауыл бола алмайды. Билік халықтың үмітін ақтамаса, жаппай наразылық таныту жалғаса береді» дейді Николай Петров.
(Мақаланы аударған Динара Әлімжан)