Ресей президенті Владимир Путин Украинадан бөлініп шыққан Қырым республикасын Ресей құрамына қосу туралы келісім жобасын мақұлдады.
Президент Путин бұдан бұрын Қырым парламенті мен Севастополь қалалық кеңесінің Ресей құрамына кіру туралы ұсыныс жасағанын федералдық кеңес пен үкіметке ресми түрде білдірген.
Ресей президенті 17 наурызда Қырымның тәуелсіздігін мойындайтыны туралы жарлық шығарған.
Бүгін Ресей мемлекеттік думасы "Қырым республикасындағы жағдай туралы" ресми мәлімдеме қабылдаған. Мәлімдемені қабылдауға Георгий ленталарын тағып барған депутаттар бұл құжаттың стратегиялық маңызы бар деп санайды.
16 наурызда Қырымда аймақтың Ресей құрамына кіруі туралы референдум өткен. АҚШ пен Еуропа Одағы референдумды "Украинаның және халықаралық құқықтың нормаларына қайшы" деп, оның нәтижесін мойындаудан бас тартқан.
АҚШ пен Еуропа Одағы 17 наурызда Қырымдағы Ресей шенеуніктеріне, Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичке және оның тұсында президент әкімшілігінің басшысы Виктор Медведчукке санкция салған.